12-14 тамыз 2015 жыл

2015 жылғы 12 – 14 тамыз аралығында білім беру бағдарламалары орталығында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 7-9 сынып мұғалімдеріне арналған тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушылар сабақтарды жоспарлап, өткізудің тәсілдерімен, SMART-мақсаттар қою әдістері мен жеке, жұппен және топпен жұмыстарды тиімді ұйымдастыру стратегияларымен, сонымен қатар оқу бағдарламаларындағы өзгерістер мен 2015-2016 оқу жылында тарих пәндері бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Бұдан басқа, оқытудағы саралау мен инклюзивтілік, барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды. 

Осы жылғы тренингте негізгі екпін пәндік материалды тарихи тұжырымдама (өзгеріс пен сабақтастық, себеп пен салдар, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация) арқылы үйретуге жасалды.

Бағалау сұрақтарына жеке сессия арналды. Қатысушылар пәндер бойынша жетістік критерийлері, қалыптастырушы (формативті) және суммативті тапсырмалар құрастыру ерекшеліктерімен танысты.

Тренингтің соңғы күні топтарда тренингте алынған білім мен біліктерді жинақтай отырып ұсынылған шағын (микро) сабақтар өткізілді.

Тренингке қатысушы мұғалімдер алынған білім мен біліктердің маңыздылығы мен тиімділігін ерекшелеп, олардың оқыту үдерісінде пайдалы болатындығына сенім білдірді.