2015 жылғы 5-12 тамыз

2015 жылғы 5-12 тамыз аралығында Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде Білім беру орталығының ұйымдастыруымен орыс және қазақ тілінде оқыту топтарына арналған «Биология» пәні бойынша 7-9 және 11-12-сыныптардың мұғалімдеріне арналған тренингтер өтті. Тренингтер жұмысына Зияткерлік мектептерінің 82 мұғалімі қатысты.

Тренинг қатысушыларының өтініші бойынша, оқу жоспарларындағы тақырыптардың мазмұнына, сабақтарда шығармашылық пен танымдық қызметті тиімді ұйымдастыруға және пән бойынша оқу мақсаттарына бір мезгілде қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге баса назар аударылды. Тренерлер аталмыш пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Тренерлер тренинг бойынша материалдарды дәріс және тәжірибелік сабақ түрінде ұсынды (тәжірибелік пен зертханалық жұмыстар және генетика бойынша есептер).

Белсенді қатысу форматында қатысушылар көрсетілген талаптарды орындауды көздейтін әдіс-тәсілдермен және стратегиялармен танысты. Әсіресе, сабақтарда топтық белсенді жұмыстарды өткізуге, өзіндік зерттеу жұмысын ұйымдастыруға, рөлдік ойындарға, формативті бағалаудың әдіс-тәсілдері мен түрлеріне арналған тренингтің сессиялары аса пайдалы болды.

Екі сессия Сыни бағалаудың кіріктірілген моделіне енгізілген өзгерістер мен бағалау мәселелеріне арналды. Тренинг қатысушылары пән бойынша үздік болу талаптарымен, сонымен қатар жаңа шаблон бойынша формативті тапсырма құрудың ерекшеліктерімен танысты.

Тренингтің қорытынды күні мұғалімдер топтарға бөлініп, шағын мастер-класстар ұсынды. Тренинг барысында өздері үйренген стратегиялар мен техниканы қолданды.

Тренингтің қорытындысы бойынша қатысушылар алған білім мен дағдыларының маңыздылығы мен құндылығын атап өтті және осы алған білім мен тәжірибенің алдағы оқу үдерісінде пайдалы болатынына сенімді екендіктерін білдірді.