2015 жылғы 20-29 тамыз

2015 жылғы 20-29 тамыз аралығында Алматы, Петропавл және Ақтау қалаларындағы Химия мен биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде әдістемелік көмек көрсету шеңберінде және оқыту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу үшін оқу бағдарламалары және «Биология» пәнінің жоспары бойынша мұғалімдерге арналған пәндік секциялар өткізілді. Тренинг жұмысына 28 мұғалім, зертханашы және мұғалімнің ассистенті қатысты.

Тренинг қатысушылары пән бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының құрылымымен және мазмұнымен, оларды әзірлеу қағидаттарымен танысты (спираль қағидаты бойынша мазмұнды ұйымдастыру, жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары мен коммуникативті дағдыларды дамытуға бағдарлануы және т.б.).

«Биология» пәнінің мазмұны мысалдарында белсенді оқыту форматында қатысушылар «Биология» пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялармен және педагогикалық тәсілдемелермен танысты: белсенді оқыту, эксперименттік жұмыс, проблемалық оқыту, ойындарды қолдану/модельдеу, оқытуға арналған бағалау. Дифференциация мен топтық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Жеке сессия тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды өткізу мен ресімдеу ерекшеліктеріне арналды.

Сессия барысында үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру, оның ішінде биология пәнінде бірінші және ағылшын тілдерінде ғылыми тілді дамыту құралдары мәселелері қарастырылды. Тренерлер http://cep-forum.nis.edu.kz/ Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізуді қолдау бойынша онлайн ресурстармен және http://sk.nis.edu.kz/ жүйелі-әдістемелік кешенмен, сонымен қатар мұғалім мен оқушыларға арналған көмекші құрал ретінде көптеген онлайн ресурстармен таныстырды.

Тренингтің қорытынды күні мұғалімдер топтарға бөлініп, өздері үйренген стратегиялар мен түрлерді және әдіс-тәсілдерді қолданған шағын мастер-класстарды көрсетті. Тренинг қатысушылары оқу жылының басына дайындықта көмекші болған және жеке әдістемелік жинақтарды толықтырып, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге септігін тигізетін, өткізілген секциялардың уақыттылығын атап өтті.