3-5 тамыз 2015 жыл

2015 жылғы 3 – 5 тамыз аралығында біліктілікті арттыру курсының шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасының оқу жоспары турасында НЗМ орта мектеп (7-9 сыныптар) мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Тренингтің кеңесшілері және тренерлері ретінде Білім беру бағдарламалар орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығы және педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері әрекет атқарды.    

Тренингке Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 20 мұғалімі қатысты. Тренингте орта мектептің жаңартылған оқу жоспарлары және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2014-2015 оқу жылындағы мониторинг нәтижесі бойынша анықталған анағұрлым проблемалық сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар тренинг барысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған 2015-2016 оқу жылының кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша нұсқаулығы ұсынылды.   

Тренинг жұмысы интерактивті режимде өтті, яғни қатысушылар жеке, жұппен және топпен жұмыс істеп, талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жаңа ресурстарды зерттеді. Шағын (микро) оқыту жүргізілген күні мұғалімдер сабақтардан үзінділер дайындап, көрсетті.