Республикалық педагогикалық тамыз кеңесі

2015 жылғы 25 тамызда Қазмедиа орталығында жыл сайынғы «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл – мектеп табысының кепілі» атты білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Кеңестің жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. ҚР Білім және ғылым министрі              А. Сәрінжіпов өзінің баяндамасында мыналарды атап өтті: «Білім берудің жаңа мазмұнына ауысу кезеңіне біз ұзақ дайындалдық. 2004 жылдан бастап республиканың 100 мектебінде тәжірибе жүргізілді. Қазіргі таңда халықаралық стандарттар деңгейінде Назарбаев Зияткерлік мектептері табысты жұмыс жасауда. Олардың жинақталған тәжірибесі барлық жүйеге таратылады. Осы келе жатқан оқу жылында біз апробацияны, осы тәжірибенің 30 пилоттық мектептегі трансляциясын  бастаймыз». Осылайша, осы оқу жылында 30 пилоттық мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының апробациясы басталып кетті.

         «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ да қатысқан тамыз кеңесі шеңберінде көрме ұйымдастырылды. Мұнда оқу материалдары ұсынылды, оқу ресурстарының көмегімен мастер-класстар көрсетілді. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар, оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сонымен қатар тәжірибені трансляциялау бойынша оқулықтар ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде жүйелі-әдістемелік кешеннің тұсаукесері өтті. ҚР Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын апробациялау кезінде әдістемелік қолдау көрсету және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен 30 пилоттық мектептің педагогтары арасындағы ынтымақтастықты орнату және тәжірибе алмасу үшін жағдайларды жасау мақсат ретінде алынды. Жүйелі-әдістемелік кешеннің құрамына оқу бағдарламалары мен жоспарлары бар жүзден астам пәнді, нұсқаулық пен бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, қысқа мерзімді жоспарлар, дидактикалық материалдар, формативті бағалау, тұсаукесерлер, аудио- және бейнематериалдарды әзірлеу жатады.

         Көрменің педагогтар мен мектеп директорларының, сонымен қатар конференцияның басқа да қатысушыларының қызығушылықтарын тудырғанын атап өту қажет.