2015 жылғы 5–7 тамыз

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалының жоспарына сәйкес 2015 жылдың 5–7 тамыз аралығында Алматы қаласындағы НЗМ базасында «Информатика» пәнінен 7-9 сыныптарға арналған тренинг өтті.  

Тренингке 25 мұғалім қатысты. Тренинг бағдарламасы бойынша келесідей сұрақтар мен мәселелер қамтылды: күнделікті сабақты жоспарлауда және оны өткізуде қазіргі заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану, сабақ жоспарлауда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, әр кезеңін егжей-тегжейлі жоспарлау, дифференциациялау, оқытудың белсенді әдістері, табыс крийтериілерімен оқыту мақсаттарының байланысы.

2014-2015 оқу жылында «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалының жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша «Информатика» пәнінен туындаған ауқымды мәселелер қаралып, талқыланды, олар: «Дыбыстық және графиктік ақпаратты кодтау», «Кестелік процессорда  логикалық өрнектерді пайдалану», «Жобалық жұмыстардағы пәнаралық байланыс».

Мұғалімдер Packet Tracer бағдарламасымен таныса отырып, практикалық шеберліктерін іске асырды, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Тренингтің барлық қатысушылары өздеріне көптеген маңызды ойлар түйіндеп, үлкен әсер алды.

Уақытты үнемдеу мақсатында on-line режимінде “ICT NIS Kazakhstan” қауымдастығы тренингтің маңызды және қызықты өтуіне оң үлесін тигізді. Себебі мұғалімдерге барлық таратпа материалдар, ақпараттар және практикалық тапсырмалар қолжетімді болды және мұғалімдерге бір уақытта тапсырмаларды бірден орындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ICT NIS Kazakhstan” қауымдастық арқылы  мұғалімдер өзара тәжірибе алмасумен қоса, тренинг туралы өз пікірлері және ұсыныстарымен бөлісті.