2015 жылғы 7-11 шілде

2015 жылғы 7-11 шілде аралығында біліктілікті арттыру курстары аясында НЗМ бастауыш мектеп мұғалімдері үшін «Ағылшын тілі» пәні бойынша 3-сыныпқа арналған кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде жаңа оқу жоспары бойынша Кембридж Университеті консультанты және тренері Боб Оби қатысуымен тренинг өткізілді.

Тренинг бағдарламасы 3-сыныптағы ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

Тренинг жұмысы интерактивтік режимде өтті, бұнда қатысушылар өз бетімен, жұптасып және топтасып жұмыс істеді, қызықтыратын сұрақтарды қойды және талқылады. Микро-оқытуды өткізу күнінде мұғалімдер сабақтардың фрагменттерін дайындады және оларды ұсынды.

Кері байланыста қатысушылар материалдар мен Боб Оби консультанты жұмысы бойынша 3-сыныпқа арналған оқу жоспарына қатысты мәселелерге жауап алғандығын, сондай-ақ тренингтің бағыттары, тақырыптары және тапсырмаларының аса пайдалы болғанын атап өтті.