2015 жылғы 24 маусым – 2 шілде

24 маусым – 2 шілде аралығында қазақ және орыс тілдеріндегі оқытумен «Биология» пәні бойынша мұғалімдер үшін 10-сынып оқу жоспары бойынша тренинг өткізілді.

Тренингті Кэмбридж Халықаралық Емтихан кеңесінің консультанты Майкл Смит өткізді. Тренингтің бірлескен оқытушылары Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Әсел Жұмабекқызы Жакибаева және Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Жұпар Оразбайқызы Хайдарова болды.

Тренингтің жұмысы динамикалық және қолданбалы сипатта өтті. Мұғалімдер оқыту процесіне белсенді түрде қатысты. Тренер теориялық материалмен таныстырып, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде бекітті. Мұғалімдер бір-біріне және тренерге сұрақтарды қойды, қызықтырған мәселелерді талқылады. 

Соңғы күні мұғалімдер тренинг барысында оқылған түрлі әдістерді қолданумен микросабақтар өткізді.

Педагогтар осы тренингті өткізгенге өз алғыстарын білдірді, сондай-ақ тренинг және оның тәжірибелік сабақтарымен бағдарламасының аса пайдалы болғанын айтты.