2015 жылғы 24-27 маусым, 29 маусым – 2 шілде

24-27 маусым аралығында, 29 маусым мен 2 шілде аралығында екі кезеңмен «Физика» пәні бойынша мұғалімдер үшін 10-сынып оқу жоспары бойынша тренинг болып өтті. Тренингті Кэмбридж Халықаралық Емтихан кеңесінің оқытушысы Чарльз Голабек өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар оқу мақсаттары негізінде сабақ мақсаттарын әзірлеу әдістерімен, критериалды бағалаудың кіріктірілген жүйесін қарастырумен, дифференциаланған оқу түрлерімен, 10 сынып оқу мақсаттары бойынша дифференциаланған тапсырмаларды әзірлеумен, сондай-ақ оқушылар біліктіліктерін дамытуға, белсенді оқыту әдістерімен және оқушыларды әрі қарай оқыту және прогресі үшін формативті бағалау нәтижелерін қолданумен таныстырылды.

Тренинг барысында қатысушылар тек теориялық материалмен танысып қана қоймай, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды жүргізу арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолданды.

Соңғы күні тренинг қатысушылары топтарда микросабақтар өткізді, тренингте алған білімдері мен біліктіліктерін біріктіріп, жүйелеп және ұсынып, 20 минут уақытта бір сабақ өткізді. Әрбір қатысушы өзінің әріптестері тобына сабақты өткізіп қана қоймай, өткізілген сабақ бойынша кері байланыс (пікір ретінде) алды.

Барлық тренинг бойынша кері байланыста тренингтің бағдарламасы тәжірибелік жұмыстың көп болуына байланысты аса қызықты және пайдалы болғанын атап өтті. Тренинг матераилдарын форумда алуға болады (http://cep-forum.nis.edu.kz/index.php?topic=7496.0 сілтеме)