2015 жылғы 26-27 наурыз

2015 жылғы 26-27 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы (Орталық) Орталық пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәжірибені трансляциялау департаменті қызметкерлері үшін жобаны басқару жөнінде семинар өткізді. Семинарды Кембридж Халықаралық Емтихан кеңесінің кеңесшісі Филиппа Хазелл жүргізді.

Семинардың мақсаты күрделі жобаларды басқару бойынша дағдыларды, оның ішінде, жоспарды дұрыс әзірлеу, жобаларды басқарудың құралдары мен модельдерін қолдану, жобаларды жүзеге асыруға жауаптылардың рөлдері мен міндеттерін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру мониторингін жүргізу жөніндегі дағдыларды жетілдіру болып табылды.

Аталған семинар шеңберінде оқытушы мен қатысушылар жобаларды іске асыру барысында пайда болатын өзекті мәселелер талқылап, сонымен бірге оларды шешудің қабылдарлық нұсқалары қарастырды. Семинар нәтижесінде консультант қатысушылармен бірлескен жұмысы негізінде жобаларды іске асырудағы жұмысты жетілдіру жөніндегі өзінің ұсыныстарын берді, атап айтқанда, өзара әрекеттесуді жүзеге асырғанда рөлдер мен міндеттерді айқындау бойынша кестелер түріндегі нақты құралдарды, тәуекелдерді басқару стратегиясын, сондай-ақ жобаларды іске асыруда жұмыстың сапасын жоғарылатудың басқа механизмдерін жұмыста қолдануды ұсынды.

Жалпы алғанда, қатысушылар өзінің білімдерін жобаны басқарудың жаңа әдістерімен толықтыруға, сондай-ақ осы саладағы өзінің дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.