2015 жылғы 26-31 наурыз

2015 жылғы 26-31 наурызда Білім беру бағдарламалары орталығы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзілік тарихы», «Құқық негіздері» пәндері бойынша Зияткерлік мектептері 9-ы сыныптар үшін білім беру бағдарламалары мен жоспарларын пысықтау бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзілік тарихы», «Құқық негіздері» пәндері бойынша Астана, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Орал, Ақтөбе және Шымкент қалалары Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Аталған семинар шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды:

1. Ағымдағы жылы жүргізілген Білім беру процесіне Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу мониторингі нәтижесінде табылған мәселелерді жою мақсатында білім беру бағдарламасына кейбір өзгертулер енгізілді: білім беру мақсаттары олардың өлшеулігі мен қол жетімділігін есепке алып, қайта қарастырылды; білім беру материалының оқу тереңдігі деңгейін нақтылау үшін бірқатар білім беру мақсаттарының тұжырымдамалары өзгертілді.
2. Білім беру жоспары кейбір тақырыптарының атаулары өзгертілді, өзгертілген білім беру мақсаттарын ескере отырып, орташа мерзімді жоспарларда ұсынылған білім беру қызметінің түрлері мен формалары қайта қарастырылды.

3. Білім беру бағдарламасы оқушыларда тарихи ойлау қабілеттілігін құру жөніндегі ұсыныстармен толықтырылды.