19-20 қаңтар 2015 ж.

2015 жылдың 19-20 қаңтары аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өз қызметкерлерінің пилоттық мектептердегі білім беру бағдарламаларының енгізілу процесіне мониторинг жүргізу бойынша біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарды Кембридж Халықаралық Емтихан кеңесінің кеңесшілері Даниэл Джеймс Морриш пен Кристина Римини жүргізді.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде семинар қатысушылары орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пилоттық мектептерде білім беру бағдарламасын енгізу процесіне мониторинг жүргізу әдіснамасын әзірледі. Әдіснаманың мақсаттары, құралдары, мәліметтерді жинау және алынған ақпаратты талдау әдістері анықталды. Сонымен бірге, алда кездесуі мүмкін проблемалық мәселелер қарастырылды.

Семинардың екінші күні мониторингтің сауалнама жүргізу, сұхбат алу, бақылау сияқты құралдарын әзірлеуге баса назар аударылды. Қатысушылар мониторинг қорытындылары бойынша есеп құрастыру, нәтижелердің сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, келешектегі жұмыс жоспарын белгіледі.