БББО-ның 2014 жылы атқарған жұмысы бойынша ақпарат

КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2014 жылы Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері (осыдан әрі – БББО) стратегиялық серіктесі Кембридж университетінің Халықаралық емтихандар кеңесімен (осыдан кейін – КХЕК) бірлесіп келесі бағыттардағы жұмысын әрі қарай жалғастырды:

  • білім беру бағдарламасының енгізілуіне мониторинг жүргізу.
  • оқу бағдарламалары мен жоспарларды әзірлеу және қайта өңдеу;
  • кіріктірілген білім беру бағдарламасын (осыдан кейін – Білім беру бағдарламасы) еңгізуге дайындық өткізу;

 

2013-14 оқу жылы Білім беру бағдарламасының еңгізілуіне
мониторинг жүргізу.

Білім беру бағдарламасын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын еңгізудің ажырамас бөлігі - осы процеске мониторинг жүргізу.

2013-14 оқу жылының бірінші тоқсанынан кейін әрекеттегі мектептердің КБББ координаторлары Кіріктірілген білім беру бағдарламасының еңгізілу барысы туралы кері байланыс нысандарын толтырып тапсырды. Алынған мәліметтерді БББО-ның қызметкерлері өңдеп қарастырды.

Екінші тоқсанда (2013 жылғы 18-30 қараша) БББО-ның қызметкерлері 14 Зияткерлік мектептерге (Көкшетау, Семей, Өскемен, Талдықорган, Астана, Орал, Қараганды, Ақтөбе, Шымкент ХББ, Шымкент ФМБ, Қызылорда, Павлодар, Атырау және Тараз қалаларына) сапармен барып келді. Сапар барысында олар мұғалімдер, оқушылар, мектеп әкімшілігі және ата-аналармен сұхбат өткізіп, сонымен қатар 1, 7, 8, 11 және 12-сыныптардағы 560 сабаққа қатысқан болған.

Үшінші тоқсанның басында онлайн-сауалнама ұйымдастырылып, нәтижесінде 1068 мұғалім, 3006 оқушы және 38 Зияткерлік мектептер әкімшілігі өкілінен жауап жиналған болған.

2014 жылғы 24-ақпан мен 4-наурыз аралығында 2013-14 оқу жылының үш тоқсаны ішінде жинақталған мәліметтердің триангуляциясын өткізу мақсатында КХЕК кеңесшілерінің қатысуымен 5 Зияткерлік мектепке қайта сапар ұйымдастырылды (Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорган және Өскемен қалаларына).

Мониторинг нәтижелеріне сәйкес 157 оқу бағдарламасы мен жоспары қайта қарастырылып өңделген болған.

 

2015 жылға жоспар:

  • 3, 4, 5, 6 және 10-сыныптар үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу және қайта қарастыру.
  • Зияткерлік мектептерде Білім беру бағдарламасының еңгізілуіне мониторинг жүргізу.
  • Бастауыш, негізгі және жоғарғы мектеп үшін оқу бағдарламаларды, 2 және 9-сыныптар үшін барлық пәндер бойынша, сонымен қатар 11 және 12-сыныптар үшін «Ғаламдық көзқарастар және жоба жұмысы» пәні, 1 және 7-сыныптар үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жоспарларды әзірлеу және қайта қарастыру.
  • 3 және 10 сыныптар мұғалімдері үшін барлық пәндер бойынша және 2-3, 8-12 сынытардағы «Дене шынықтыру» пәні мұғалімдері үшін КХЕК кеңесшілері мен БББО мамандының қатысуымен (пилоттық еңгізуге дайындық аясында), сонымен қатар БББО мамандарының қатысуымен 7-9, 11-12 сыныптар мұғалімдері үшін барлық пәндер бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастыру.

 

Оқу бағдарламалары мен жоспарларды әзірлеу және қайта өңдеу

Бұл бағытта БББО қызметкерлері Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен КХЕК кеңесшілерінің қатысуымен 20-дан астам семинар өткізді. Семинар барысында оқу бағдарламалары мен жоспарлары әзірленіп қайта өнделді.

 

Нәтижесінде:

  • бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептегі барлық пәндер бойынша 40 оқу бағдарламасы қайта қарастырылып өңделді;
  • бастауыш, негізгі және жоғарғы мектеп үшін 117 оқу жоспары қайта қарастырылып өңделді;
  • 4 оқу бағдарламасы әзірленді (1 – негізгі мектептегі «Құқық негіздері» пәні бойынша, 3 - бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептегі «Дене шынықтыру» пәні бойынша);
  • 8 оқу жоспары әзірленді (1 – 9-сынып үшін «Құқық негіздері» пәні бойынша, 7 – 1, 2, 7, 8, 9, 11 және 12-сыныптар үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша).

Осылайша, 1-сыныптан 12-сыныпқа дейін «Дене шынықтыру» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалар әзірленді. 2015 жылы 3, 4, 5, 6 және 10-сыныптар үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша қалған оқу бағдарламалар әзірленетін болады.

 

Білім беру бағдарламасының еңгізілуі

Білім беру бағдарламасы бекітілген кестеге сәйкес еңгізіліп жатыр. 2012-2013 оқу жылы 7- және 11-сыныптарда, 2013-2014 оқу жылы – 1-, 8- және 12-сыныптарда пилоттық еңгізу жүргізілді. 2014-2015 оқу жылы 2- және 9-сыныптарда, сонымен қатар «Дене шынықтыру» пәні бойынша 1- және 7-сыныптарда еңгізу басталды.

Білім беру бағдарламасының еңгізілуі барысында Зияткерлік мектептерге қолдау көрсету мақсатында мұғалімдер үшін жыл сайын оқыту ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде келесі оқу бағдарламалары және жоспарларымен жұмыс жөніндегі оқыту тренингтері өткізілді: 

КХЕК кеңесшілерінің қатысуымен өткізілген тренингтер

Зияткерлік мектептердің 688 мұғалімдеріне арналған 32 тренинг:

  • 2- және 9-сыныптардағы барлық пәндер бойынша;
  • 11-12-сыныптардағы «Ғаламдық көзқарастар және жоба жұмысы»;
  • 1- және 7-сыныптардағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша;

КХЕК кеңесшілерінің қатысуысыз өткізілген тренингтер

Зияткерлік мектептері 7-, 8-, 11- және 12-сыныптардың 710 мұғалімдеріне арналған барлық пәндер бойынша 36 тренинг.

Тамыз айында Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Зияткерлік мектебінде семинар өткізілді. Бұл семинардың мақсаты мектеп әкімшілігі мен мұғалімдеріне Білім беру бағдарламасының еңгізілуінің ерекшеліктері мен процессін түсіндіру болған.

 

Осылайша, есепті кезеңнің ішінде Білім беру бағдарламасының сәтті еңгізілу мақсатында

  • Зияткерлік мектердің 1398 мұғалімдері үшін 68 пәндік тренинг өткізген болған. 

 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне тәжірибе тарату

2014 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне НЗМ тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында Білім беру бағдарламалары орталығы (БББО) келесі іс-шараларды өткізді:

  • Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасы әзірленді;
  • Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптар пәндері бойынша 16 оқу бағдарламасы және 26 оқу жоспары әзірленді;
  • Орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту аясында жалпы орта және негізгі орта мектеп пәндері бойынша 32 оқу бағдарламасы және 84 оқу жоспары әзірленді;
  • оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу мақсатында жалпы білім беру мен НЗМ мұғалімдері және Ұлттық білім академиясының маманарының қатысуымен 66 семинар өткізілді;
  • Ұстаздар ортасында сауалнама және талқылаулар өткізу мақсатында 13 мыңнан астам мұғаліммен 78 кездесу;
  • Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасын талқылау мақсатында ұстаздармен дөңгелек үстел, талқылаулар Астана, Ақтобе, Қарағанды и Петропавловск қалаларында өткізілді;
  • 30 пилоттық мектептердің директорлары мен орынбасарларына арналған семинар;
  • Жалпы білім беру мектептерінің 300-ден астам ұстаздарының қатысуымен Астана қаласында «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты Республикалық форум өткізілді.

Қазіргі кезде жалпы орта және негізгі орта білім берудің жалпыға міндетті стандарттарының жобасы әзірленуде. Жалпы орта және негізгі орта білім беру аясында оқу бағдарламары мен жоспарларын құрастыру бойынша үлкен жұмыс жоспарланып отыр.