5-6 қаңтар 2015 ж.

2015 жылы 5-6 қаңтарда Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Информатика» пәнінен «Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар» семинары өтті. Бұл семинарға Астана, Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларындағы Назабаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері қатысты. 

Семинар мақсаты: курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелерімен бөлісу.

Семинар барысында практикалық бағдарламалау, мәліметтерді алу және өндеудің түрлі формаларын қолдану бойынша өзекті мәселелер қарастырылып талқыланды және компьютерлерді пайдаланудың әлеуметтік, құқықтық, этикалық және басқа салдарларына қатысты сын ескертпелерді беру туралы ұсыныстар берілді. Семей қаласындағы НЗМ мұғалімдері     (Таяпбергенова А.М., Беркова В.Н., Журбенко З.М., Мынбаева М.М.),  Талдықорған қаласындағы НЗМ мұғалімдері (Омарова Ж.Н., Еркинова А.Е.), Астана қаласындағы мұғалімдері (Барбье А., Болат А.) және Көкшетау қаласындағы НЗМ мұғалімдері (Бегежаева Г.И., Канапов К.Б.) курстық жұмысты орындау әдісі, оқушыларға арналған коллаборативтік орта құру үшін «teachdirect.net» атты онлайн платформаны қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. 

Өзекті әрі қолайлы тақырыптар мен әр мұғалімнің белсенді қатысуының арқасында семинар өте сәтті өтті. Өткізілген семинар нәтижесінде қатысушылар өздерінің әдістемелік «қорын» байытты, курстық жұмысты орындау бойынша жаңа мағлұмат мен жұмыс материалдарын алды, сонымен қатар тәжірибе мен ойларымен бөлісті. Семинар мектеп мұғалімдерінің бірігуіне, ынтымақтастық пен  әріптестігінің нығаюына ықпал етті. Информатика бойынша өзекті әрі маңызды сұрақтарды талқылауды әрі қарай жалғастыру үшін информатика мұғалімдерінің бірлестігі құрылды.