23-24 желтоқсан 2014 ж.

2014 жылы 23-24 желтоқсанда Білім беру бағдарламасының орталығы   нанотехнология негіздері бойынша физика және химия мұғалімдері үшін семинар-практикум ұйымдастырды, ол Қарағанды қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткізілді. Семинарды Орталықтың аға менеджері А. Мағзұмова химия мұғалімі М.Т. Қазбековамен бірлесіп өткізді. Семинар жұмысына Зияткерлік мектептің 12 мұғалімі қатысты.  

Семинар «Inquiry Based Learning» әдісін қолдана отырып өткізілді, соның көмегімен оқушылар жаңа заманғы жабдықта практикалық жұмыстар орындау арқылы жаңа білім мен шеберлікті игерді. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларға практика және қызметкерлік тәсіл арқылы     нанотехнология негіздерін зерделеуге мүмкіндік беретін «Nanoschoolbox» эксперименттік жинақтармен жабдықталған. Эксперименттік жинақтардың көмегімен мұғалімдер келесі бағыттар бойынша практикалық жұмыстар орындады: «Лотос нәтижесінен бастап наноқабаттарды техникалық қолдануға дейін», «Нанотехнология көмегімен функционалдық қасиеттер беру», «Магниттік наносұйықтықтар», «Коллоидты жүйелер», «Металл пішіні жадысының әсері» және т.б.  

Экспериментті орындағаннан кейін мұғалімдер химия, физика, биология заңдары мен заңдылықтары тұрғысынан бекітілген салдарды және алынған нәтижелерді талқылады. Аяқталғаннан кейін мақсаттары мен міндеттері айқын қойылған, оқытудың белсенді әдіс элементтері бар сабақтардың жоспары әзірленді.  

Әдістемелік қолдау ретінде олар практикалық сабақтарды орындау бойынша нұсқаулық, қажетті әдебиеттер тізімін, тарату материалдарын алды. 

Соңында мұғалімдер семинардың практикалық бағыттылығын атап өтті және алған білімдері мен машықтары оқушыларды берілген бағытта анағұрлым тиімді даярлауға ықпал ететініне сенімділік білдірді.