22-24 желтоқсан 2014 жыл

22 бастап 24 желтоқсанға дейін Шымкент қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 11-12 сынып мұғалімдері үшін «Биология» пәні бойынша  семинар-практикум өткізілді. Семинарды Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері А. Жақыбаева мектеп мұғалімдерімен бірлесіп өткізді. Семинар жұмысына еліміздің 13 Зияткерлік мектебінің 22 мұғалімі қатысты. 

Семинар Жоғарғы мектепте оқушылардың Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша практикалық жұмыстарын өткізу және рәсімдеу жөнінде мәселелерді айқындады. Мұғалімдер практикалық жұмыстарды әзірлеу принциптерімен, практикалық, манипуляциялық машықтарын, деректерді зерттеуді, жинауды және жазуды жоспарлау, сонымен қатар қорытындыларын тұжырымдау машықтарын дамыту үшін жұмыс мазмұндарын ұйымдастыру тәсілдерімен танысты. График, гистограмма, бағаналы  гистограмма және т.б. көмегімен деректерді ұсыну тәсіліне ерекше назар аударылды.   

Семинар барысында 11-12 сыныптарда Практикалық сабақтар тізіміне сәйкес Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 9 практикалық сабақ өткізілді. Мұғалімдер келесі практикалық жұмыстарды орындады: «Цитрус тектестерде аскарбин қышқылының (С дәрумені) мөлшерін сандық анықтау (титрлеу әдісі)», «Агароздық гельде жемістер немесе көкөністер  ДНК-сы молекуласының бөлінуі», «Жапырақтарда дақтар мөлшерін анықтау (хромотография әдісі)», «Хлорофилдің жарықты жұтуын зерттеу», «Фотосинтездің шектеуші ықпалын зерттеу», «Факторлардың ферменттеу реакциясы (температура, рН, субстрат концентрациясы, ингибиторлар) жылдамдығына әсерін зерттеу», «Түрлі факторлардың жасушалардың мембранасына әсер етуі (температура, этил спирті)», «Аффекторлардың амилаза белсенділігіне әсері», «Түрлі концентрациядағы ерітінділердің жасушаға әсері (осмос)».

Семинарға қатысушылардың тілектерін ескере отырып, практикалық жұмысты сыртқы суммативтік бағалау ерекшелігіне сәйкес бағалауға негізгі назар аударылды. Мұғалімдер практикалық жұмыстарды қос сабақтарда немесе топтарда орындады. Әрбір жүргізілген жұмыстан кейін олар зерттеу мәселелерін, жұмыс барысын, деректерді ұсынуды, эксперимент кемшіліктерін талқылады және жұмысты жақсарту тәсілдерін ұсынды.  

Мұғалімдер алған білімдері мен машықтарының оқу процесі үшін құндылығын атап өтті және бұдан кейін де осындай семинарлар өткізу туралы тілектерін білдірді.