22-24 желтоқсан 2014 ж.

22 бастап 24 желтоқсанға дейін Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 11-12 сынып мұғалімдері үшін зертханалық жұмыстар бойынша семинар-практикум өткізілді. Семинарды Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері А. Жүсіпбекова Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика мұғалімдерімен бірлесіп өткізді. Семинар жұмысына еліміздің 14 Зияткерлік мектебінің 22 мұғалімі қатысты. 

Семинардың бірінші күні физиканың мектеп курсына алғаш енгізілген «Сұйықтық кинематикасы» тарауы бойынша зертханалық жұмыстар орындалды. Жұмыстар барысында тұтқыр сұйықтықта қозғалу кезінде шарик жылдамдығының өз радиусына тәуелділігі, сонымен қатар ағыс жылдамдығының сұйықтық деңгейінің биіктігіне тәуелділігі зерттелді.   

Зияткерлік мектептердің оқушылары 12 сыныпта Кембридж Халықаралық емтихан кеңесінің талаптары пішімінде сыртқы емтихан тапсыратындықтан, орындалатын зертханалық жұмыстар берілген пішімге максимум жуықтандырылды және сәйкес критерийлер бойынша бағаланды.   Мұғалімдер эксперимент деректерін өңдеумен, деректер кестелерін рәсімдер және графиктер салу ережелерімен танысты. 

Екінші күні мұғалімдер дифракциялық тордың көмегімен изотермиялық процесті зерттеуге, жарық толқынының ұзындығын анықтауға арналған зертханалық жұмыстар орындады. Олар «Audacity» бағдарламасында жұмыспен танысты, дыбыс толқыны жиілігінің ішек ұзындығына тәуелділігін зерттеді. Алған машықтарын нығайту үшін мұғалімдер Кембридж Халықаралық емтихан кеңесінің «Xtremepapers» сайтында орналастырылған емтихан жұмыстары базасынан алынған ток күшінің тізбектің толық кедергісіне тәуелділігін және серіппе тербелісінің өз ұзындығына тәуелділігін зерттеуге арналған зертханалық жұмыстарды орындаудан практика жасады.      

Мұғалімдер семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сонымен қатар оны өткізу тиімділігін атап өтті. Ал зертханалық жұмыстардың практикалық бағыттылығы мен өз бетінше орындалуы оларға біршама уақытқа оқушылардың ролінде болуға мүмкіндік берді.