8 қараша 2014 ж.

Үшінші жыл бойы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ең үздік отандық және халықаралық тәжірибені қамтитын Кіріктірілген білім беру бағдарламасы енгізіліп, жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Коммуникативтік тәсілдердің талаптарына сәйкес, сабақтардың үстінде ХХІ ғасырда өте қажетті болып саналатын функционалдық сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты өздігінен табу және алу, талдау және синтездеу дағдылары жақсы дамиды. Форумның негізгі мақсаты Зияткерлік мектептердің мұғалімдерінің қазақ тілін оқытудағы жаңашыл тәсілдерді пайдалану бойынша тәжірибелерін алмастыру үшін диалогтік алаң құру болды.

Форум бағдарламасы пленарлық мәжіліс, алты секциялық отырысты және 11 шеберлік сыныбын қамтыды. Форумды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы К.Н. Шәмшидинова ашты. Өз сөзінде ол педагогикалық қоғамның басты мақсаты мемлекеттік тілде ойлап, еркін сөйлей алатын қазіргі заманға сай мемлекет азаматын, патриотты оқыту және тәрбиелеу екенін атап өтті. К.Н Шәмшидинова қазақ тілін сақтап қалу мен дамытудың, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білудің маңыздылығын айрықша атап көрсетті: өйткені тіл – бұл халықтың тарихы және мәдени құндылығы. Ол мұғалімдерді ынтымақтастыққа ашық болуға, үнемі идеялармен және тәжірибелерімен алмасып тұруға шақырды.

Кембридж Халықаралық Емтихан кеңесінің кеңесшісі, Британ кеңесі тілдері бойынша сарапшы, Edexcel Pearson бас сарапшы Тауфик Черкауи «Білім беруді бағалау: оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы» тақырыбына арналған баяндамасын оқыды. Өз сөзінде ол оқушылармен кері байланыс орнатудың амалдарын және де білім алуда белгілі бір мақсатқа жету жолындағы кері байланыстың маңыздылығын жан-жақты ашып айтты.

Форум аясында келесі секциялық отырыстар өткізілді: «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың проблемалары», «Әдеби шығармаларды талдау», «Оқу және жазу дағдыларын меңгеру», «Қазақ тілі сабақтарында аудио және бейне материалдарды пайдалану», «Қазақстан тарихы, география сабақтарында қазақ тілін үйрету», «Тілдік ортаға енгізу: тәжірибе және тәсілдері». Бұл отырыстарда Зияткерлік мектептерден келген 26 мұғалім сөз сөйледі. Олар өз мектептерінде жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу кезінде жинаған тәжірибелерімен интерактивтік түрде бөлісті. Қатысушылар өте зор ықыласпен айтылған сөздерді тыңдап, сұрақтарын қойып, идеяларымен бөлісті. Бұдан соң олар шеберлік сыныптарға қатысуға мүмкіндік алды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері өткізген шеберлік сыныптары белсенді түрде өтті: қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады, білім берудің белсенді әдістерімен, оқытудың практикалық амалдарымен танысты. 

Мұғалімдер бұл форумды өткізудің пайдасы зор екенін, ал секциялардың жұмысы жемісті екенін айтты. Олар басқа өңірлерден келген әріптестерімен танысты, бұл білім берудегі жаңалықтарды өз тәжірибелерінде пайдалануға деген жалпыға ортақ тілектерін білдірді. Мысалы, тек бір кітаппен шектеліп қана қоймай, сабақ үстінде қазақтың өлеңдерін, қазақ филмдерінің үзінділерін, мультфильмдерін, газеттер мен журналдардан алынған мәтіндерді, интернет қорларын пайдаланған өте пайдалы.

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қосарал мектебінің мұғалімі Жібек Мағауова:

Құрметті әріптестер, сіздерді осы республикалық деңгейдегі форумға қатысып отырғандарыңызбен құттықтаймын! Бірінші кезекте, барлық мұғалімдердің атынан осы шараны ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға бізді шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қазақ тілін оқытудағы инновациялық тәсілдердегі тәжірибесіне арналған форум екінші рет ұйымдастырылып отыр. Сіздер бүгін бүкіл Қазақстанның мектептерінен келген мұғалімдермен бөліскен тәжірибелеріңіз жаңалық болып табылады. Еліміздің көптеген педагогтеріне, әсіресе ауылдық жерден келген мұғалімдерге, осындай форумдардың өткізілуі, жаңалықтар мен жаңа әдістемелер өте қажет. Мен 300 жуық оқушы білім алып жатқан ауылдық мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып жұмыс істеймін. 40 жылдық еңбек өтілім бар. Біз барлық осы тәсілдерді қабылдап, олармен алмаса бастадық. Бүгін Черкауи мырза мен басқа да мамандардың ұсынған баяндамалары өте қызықты болғанын  және секциялық отырыстар мен шеберлік кластары өте сәтті өткенін айтқым келеді. Жас, алайда аса білікті мұғалімдер жаңа әдістемелерімен, тәсілдерімен бөлісті. Бұл әдістемелердің барлығы бір күндік жұмыс емес екені белгілі, 45 минуттық сабақты өткізу үшін аз тер төкпейміз. Біздің бүгін біліп, танығанымыздың бәрі бәрімізді де ықылассыз қалдырған жоқ деп ойлаймын. Мұғалімдер келген өңірлеріне үлкен құлшанаспен, бойындағы рухпен, өз тәжірибелерін пайдаланып, жаңа әдістемелерді жүзеге асыруға дайын көңілмен қайтпақ.