25-27 қазан 2014 жыл

Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесіне аса назар аударылып, алға қарай ілгерілеу процестері байқалуда. Білім беру саласындағы бұл             өзгерістер - Отандық ағартушылар мен әлемдегі бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы мемлекеттердің озық тәжірибелерін алып және оны білім беру процесін жаңғыртуда табысты іске асырудың жемістері.

2014 жылдың 25-26-27 қазанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық сарапшылар: Уэнди Ли (Жаңа Зеландия) мен Тициана Филиппинидің (Италия) қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының қызметкерлері және Астана қаласының балабақша меңгерушілерінің мектепке дейінгі білім беру саласында біліктіліктерін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру» бойынша өте құнды семинар-тренинг өткізілді.

3 күнге созылған семинар-тренингке шақырылған қатысушылар белсене қатысты. Уэнди Лидің «Жаңа Зеландия тәсілі Te Whariki» мен мектепке дейінгі білім беруді бағалау жүйесі, Оқыту жазбасы және портфолио, Мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш сыныпқа өтудегі мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық туралы көп мәлімет алып, ұйымдастырылған топтық жұмыстарда өз ой-пікірлерін білдіріп жұмыс жасады.

Сондай-ақ, итальяндық сарапшы-кеңесшіміз Тициана Филиппинидің берген дәрісі қатысушылар үшін шексіз бағалы болды. Тициана ханым: «Мектепке дейінгі білім берудегі Реджио Эмилия тәсілі», «Білім беру ортасын балалардың жобалары арқылы ұйымдастыру», «Ата-аналарды балалардың білім алуына тарту» атты тақырыптарда үйрете отыра семинар-тренингке қатысушыларға терең ой салып, бала тұлғасының жан-жақты дамуына қалай тиімді ықпал жасауға болатыны жөнінде кеңестерімен, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген семинар-тренингтен кейін қатысушылар алған білімдерін өз тәжірибелеріне де енгізу жайында туындаған ойларымен бөлісті.