2014 ж. 22-24 қазан

2014 жылдың 22-24 қазанында Шымкент қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 11-12 сыныптардың мұғалімдері үшін семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Зияткерлік мектептің 17 мұғалімі қатысты. Семинарды Білім беру бағдарламаларының орталығы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері Мағзұмова А.К., Шымкент қ. ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі химия мұғалімдерінің көмегімен Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу барысында мұғалімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырды. Семинар жұмысы   Inquiry Based Learning әдісін қолдану арқылы жүргізілді, мұнда оқушылар жаңа заманғы жабдықты қолдана отырып, практикалық сабақтар жүргізу арқылы жаңа білім және машықтар алады. 

Назарбаев Зияткерлік мектебі, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндерді практика және әрекетшілдік тәсілі арқылы оқытуға мүмкіндік беретін PASCO және PHYWE жаңа заманғы оқу жабдығымен жабдықталған.  Сондықтан семинардың басты мақсаттарының бірі берілген аймақта мұғалімдердің білімін арттыру және оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін берілген жабдықпен жұмыс істеу машықтарын сіңіру болып табылады.  

  SPARK Science Learning System қолдана отырып, қатысушылар күшті негізі бар күшті қышқылға қышқылдық-негізгі титрлеу жасады, кейбір реакциялардың жүру жылдамдығын, сонымен қатар гальванометрия әдісімен бейорганикалық қосылыстың молекулалық массасын анықтады. PHYWE өндірісінің шыны қаптамасы жүйесін қолдану арқылы Газ заңдары және Мінсіз газ заңы тексерілді. Cobra 3 жабдығын қолдана отырып, мұғалімдер металл белсенділігінің электр-химиялық қатарын шығару үшін кейбір металдың стандартты электр-химиялық әлеуетін анықтауды үйренді.   

  «Бейтараптандыру реакциясы жүрген кезде температураның жоғарылауын анықтау», «Сүт қышқылы ерітіндісінің концентрациясын анықтау», «Металдың кейбір ерітінділерінің сапалы талдауы» практикалық жұмыстары түрлі елдерде Кембридж Халықаралық емтихан кеңесі өткізетін сыртқы емтихан пішімінде өткізілді. Орындалған жұмыстар бекітілген «марка-сұлбаларға» сәйкес тексерілді.  

Өз мектептерінде берілген жұмыстарды өткізуге әдістемелік қолдау ретінде қатысушылар жұмыс парақтарын және оларды орындау бойынша нұсқаулық карталар, сонымен қатар қолданылатын жабдықты баптау және калибрлеу бойынша жадынамалар алды.  

Кері байланыс пішіндерінде мұғалімдер берілген семинардың практикалық бағыттылығын атап өтті.  Мұғалімдердің  семинар-практикум барысында алған білімдері мен машықтары 11-12 сыныптардың оқушыларын сырттай қорытындылап бағалауда анағұрлым тиімді дайындалуға ықпал етеді.