29 қыркүйек-3 қазан 2014 ж.

2014 жылы 29 қыркүйегінен бастап 3 қазанға дейін Білім беру бағдарламалары орталығында оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) оқу бағдарламаларына сәйкестігін анықтау бойынша Орталықтағы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған бес күндік оқыту тренингі өтті. Тренингті Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесінің кеңесшілері  Каролин Тиллер және Нисрин Эш өткізді.

Алғашқы үш күнде тренингке қатысушылар ОӘК оқу бағдарламаларына сәйкестігін тексеру процесімен танысты, бақылау парағын құрастыруды және оны мәтінге қолдануды үйренді. Бақылау парағында оқыту мақсаттарын қамту, педагогикалық тәсілдер, белсенді оқытуды қолдау сияқты критерийлер бар, осыларға сәйкес ОӘК сапасын бағалау жүргізіледі. Жоғары сапалы оқулықтардың үлгілері қарастырылды және талқыланды, солардың негізінде жоғары сапалы ОӘК ерекшеліктері анықталды. Қатысушыларға салыстыру үшін 1-сыныпқа арналған ОӘК-нің жақсы және нашар үлгілері көрсетілді, соларды қарастыра отырып, олар материалдың кемшіліктері мен басымдықтарын анықтауды үйренді. Сонымен қатар қатысушылар кері байланыс түрін толтырудан практика жасады, ОӘК компоненттерін жақсарту бойынша түсініктемелер берді. 

Тренингтің соңғы екі күні ішінде кеңесші Нисрин Эш мамандарға рецензиялау процесін басқаруды, түсініктемелер мен ұсыныстар беруді үйретті. Қатысушылар қорытынды рецензия түрлерімен танысты, олармен жұмыс істеуді үйренді.     

Тренингте тәрбиелеу аспектісіне де баса көңіл бөлінгенін атап өткен жөн, себебі ол мектеп жасындағы балаларды оқытуда маңызды компонент болып табылады. Қатысушылар құндылық-бағдарланған тапсырмаларға, материалда ұлттық контекстің болуына, глоссарийдегі сөздерді талқылау анықтығына және тапсырманың тұжырымдалу айқындығына ерекше назар аударды.    

 Тренинг бағдарламасы  қатысушылар машықтарын дамытты және ӘОК-ның ұсынылатын мазмұны түсінікті екеніне және оқу бағдарламаларында мазмұндалған мақсаттарға сәйкес келуіне қатысты білімдерін нығайтты.