Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/cep-nis.kz/images/201407270829

27-29 тамыз 2014 жыл

2014 жылғы 27-29 тамызда Білім беру бағдарламалары орталығында «Информатика» пәні бойынша 11-12-сыныпта оқытатын мұғалімдерге арналған тренинг өтті. Тренингке 14 Зияткерлік мектептен 26 мұғалім қатысты. 

Тренингтің бірінші күні мұғалімдер жоғары мектептің оқу бағдарламасымен және 11-12-сынып оқу жоспарларымен (мазмұны, оқыту мақсаттары) танысты. Бағдарламалар мен жоспарларды топтарда талқылады. Пән бойынша терминологияны дұрыс түсіну мен қолдануға, сыныптар бойынша Блум таксономиясының деңгейлерін ескере отырып құрылған  оқыту мақсаттарына, оқыту мақсаттарына сәйкес сабақта өткізуге ұсынылған іс-әрекет түрлеріне ерекше көңіл бөлінді.  

Тренингтің екінші күні оқушылардың курстық жобаға дайындығы мәселесіне арналды. Семей қаласындағы НЗМ мұғалімдері Таяпбергенова А.М., Мынбаева М.М., Беркова В.Н., Астана қаласындағы НЗМ мұғалімі Алханов А.А. және Көкшетау қаласындағы НЗМ мұғалімі Муканов С. өздерінің тәжірибесімен бөлісті.

Бағалау сұрақтары және Критерийлік бағалаудың кіріктірілген моделіне енгізілген өзгерістері жайында сұрақтарға жеке сессия арналды. Мұғалімдер пән бойынша табыс критерийлерімен, жаңа үлгі бойынша формативтік тапсырманы құру ерекшеліктерімен танысты.  

Тренингтің үшінші күні Семей қаласындағы НЗМ мұғалімі Беркова В.Н. «Ассемблер» бағдарламалау тілін оқыту ерекшеліктері» мен «Тьюринг машинасының жұмыс принципі» тақырыптарында шеберлік сыныбын өткізді.

Тренинг соңындағы микро-сабақтарда мұғалімдер жаңа білім мен дағдыларын қолдануға, өздерін оқушы немесе сарапшы рөлінде сезінуге мүмкіндік алды.  Өз пікірлерінде мұғалімдер алынған білімнің пайдасы мен құндылығын атап, сыртқы бағалау, оқу жоспарларының мазмұны және тағы басқа да мәселелер бойынша жан-жақты мағлұмат берілгендігі үшін алғыстарын білдірді.