2014 жылдың шілде мен тамыз айларында

Ағымдағы жылдың шілде мен тамыз айларында Білім беру бағдарламалары орталығында «Математика» пәні бойынша 7, 8, 9 және 11, 12-сыныптарда оқытатын мұғалімдерге арналған тренингтер өтті.

9-сынып мұғалімдеріне арналған тренингті көптеген елдерде оқыту тәжірибесі бар Кембридж консультанты Рэйчел Хорсмен өткізді. Тренингке 14 Зияткерлік мектептен 54 мұғалім,  О.А. Жәутіков атындағы РМФМОМИ мұғалімдері, сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының ғылыми қызметкері де қатысты. 

7-8 және 11-12 сынып мұғалімдеріне арналған тренингтерді Орталық мамандары Т.У. Әубәкіров мен А.И. Балгужинова өткізді. Бұл тренингтерге 14 Зияткерлік мектептен 91 мұғалім қатысты.

Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының құрамы және мазмұнымен, оларды әзірлеуде басшылыққа алынатын қағидаттармен, енгізілген өзгерістермен танысты.

Оқу материалын меңгеру және пән бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ойлау және практикалық іс-әрекетінің жан-жақтылығын қамтамасыз ететін белсенді оқыту әдістері қарастырылды. Мұғалімдер оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар күтілетін нәтижеге қол жеткізуде аса тиімді болатын, өздерінің мектеп тәжірибесінен алынған оқыту әдіс-тәсілдерін көрсетті. Бұдан басқа, дифференциация, Критерийлік бағалаудың кіріктірілген моделі, оңтайлы ресурстарды іздеу сұрақтары толық зерттелді. Тренинг қатысушыларының қалауы есепке алына отырып,  оқу жоспарларының барлық бөлімдері талқыланып, кейбір тақырыптар толығырақ қарастырылды (ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика, дифференциал тендеулер, т.б.).

Тренингтер микро-сабақтармен аяқталды, бұнда мұғалімдер  оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша меңгерген стратегиялар мен әдістерін қолданып көрсетті.