2013 жылдың маусымы

2013 жылдың маусымынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - ДББҰ) жанында Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - КБББ) сынақтан өткізуге дайындық шеңберінде 1, 8 және 12-сынып мұғалімдеріне арналған тренингтер басталды. Өткен оқу жылында 7 және 11-сыныптарда жаңа білім бағдарламасын енгізу ісі қолға алынса, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап бағдарлама 1, 8, 12-сыныптарда тәжірибеге енгізіледі. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы оқытудың нақты мақсаттарына қол жеткізуге бағдарланған және ол оқушылардың қандай да бір білім көлемін меңгеруін ғана емес, оны өмірдің түрлі мәселелерін шешуде пайдалануын, яғни оқушылардың функционалды сауаттылығын және сындарлы ойлау қабілеттерін қалыптастыруды көздейді.

2011 жылдың мамырынан Кембридж университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесі ДББҰ-ның стратегиялық әріптесі болып табылады және оның халықаралық кеңесшілері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерімен бірлесіп, кіріктірілген білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тартылған болатын. Кембридж университеті, орта білім берудегі реформалармен айналысатын, 160-тан астам елдің Білім  министрліктері және білім беру ұйымдарымен байланыста жұмыс істейтін, осы саладағы әлемнің беделді орталығы болып табылады. Сондай-ақ, Кембридж білім берудің барлық салалары бойынша, оның ішінде білім беру бағдарламаларын дайындау, мұғалімдерді оқыту, мектептегі бағалау мен көшбасшылық дамыту сияқты мәселелермен айналысатын әлемнің жетекші сарапшылармен іскерлік әріптестікті орнатқан.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін  белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Зияткерлік мектептердің мұғалімдерін инновациялық пәндік бағдарламалар және жоспарлармен жұмыс істеуге дайындау үшін ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалында (бұдан әрі - БББО), Кембридж кеңесшілері әр пән бойынша тәжірибелік сипатта ұйымдастырылған бес күндік тренингтер өткізеді. Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен, сондай-ақ оқушылардың 21-ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған  белсенді оқыту әдістерімен танысады. Тренингтерді өткізу форматы мұғалімдердің алған білімі мен оларды тәжірибеде қолдану, түрлі әдістер мен педагогикалық техникаларды көрсету – мұғалімдердің бірін-бірі «оқытуы» арқылы жүзеге асырылады. Жалпы саны 32 тренингке Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 523 мұғалімі және Кембридждің 30 тренері қатысады деп жоспарланған.

2013 жылдың тамызында тренингтерге жаңадан ашылған бес Зияткерлік мектептің 7, 11-сыныптарында сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Бұл тренингтерді 2012-2013 жылдары Кембридж кеңесшілерінен алдын ала білім алған БББО мамандары жүргізеді.

Тренингтер нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері өз пәні бойынша жаңа бағдарламалар мен жоспарлар бойынша жұмыс істеуге қажетті білімдер мен дағдыларға ие болады, әріптестерімен ой және тәжірибе алмасып, Кембридж сарапшыларынан кері байланыс алады.