2013 жылдың 4-8 ақпаны

Халықаралық білім беру ұйымдарымен әріптестік тәжірибе алмасып, оқуға мүмкіндік береді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тілдік ортаға ендіру бағдарламасын енгізу аясында эстондық Тілдік ортаға ендіру орталығының тренерлері БББҰ базасында ақпанның 4-і мен 8-і аралығында Талдықорған және Көкшетау қалаларындағы балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 2 семинар өткізді.

Бірінші семинар Тілдік ортаға ендіру бағдарламасының болашақ тренерлерін әдістемеге үйретуге арналды. Эстондық тілдік ортаға ендіру орталығының тренерлері Светлана Белова, Лиина Норит, Моника Лахт семинар қатысушыларын тренингтерді жоспарлау мен өткізудің әдіс-тәсілдерімен, ересектерді оқыту ерекшеліктерімен, тренерлердің командалық жұмысымен, белсенді оқытудың әдістерімен, т.б. таныстырды.

Семинардың соңғы күнінде қатысушылар топтармен 20 минуттық тренингтер өткізді. Қатысушылардың әрқайсысы өздері оқыған белсенді оқыту әдісінің тәсілдерін тәжірибеде қолданып көрсетті. Өткізілген семинардың талқылауы әр қатысушыға қол жеткізген табыстары үшін қуанып, тренерлік жұмыста жетілдіре түсуді қажет ететін тұстарды байқауға мүмкіндік берді. Өткізілген тренинг бойынша кері байланыста кеңесшілер қатысушылар өткізген тренингтің жетістіктерін атап өтті (олар жұппен жұмыс істеуде рольдердің бөлінуі, аудиториямен көз байланысына, қатысушылардың дикциясына, уақытты басқаруына, қарым-қатынастың вербалды емес тәсілдерін пайдалануына, т.б. назар аударды). Сондай-ақ, қазіргі уақытта маңызды мәселенің бірі болып табылатын қағазды үнемді пайдалану мәселесіне де тоқталды. Тренерлер семинар қатысушыларына тренингтерді өткізу бойынша ұсыныстар беріп, қандай мәселемен әлі де жұмыс істеу керектігі, тренерлер жұмысында қай тұстарға назар аудару керектігін атап өтті.

Екінші семинар тілдік ортаға ендіру ұстанымдарына негізделген, 1-сыныпқа арналған кіріктірілген оқулық әзірлеуге арналды. Эстондық тренерлер Кай Волли, Урве Ая эстон оқулықтарының, 1-сыныпқа арналған жұмыс дәптерлерінің, оқулыққа әдістемелік нұсқаудың орыс тілін аударылған үзінділерін әкелді. Осы материалдар негізінде эстон тілдік ортасына толығымен ендіруге арналған оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу тәжірибесі қарастырылып, талқыға салынды. Семинар қатысушылары қазақстандық кіріктірілген оқулықтардың әзірленген бөліктерін таныстырды. Таныстырылған жұмыстардың талдауы жасалып, кеңестер берілді, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Мектеп алды және бастауыш білім бөлімі