2013 жылдың 21-23 ақпаны

2013 жылдың 21-23 ақпанында Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарды Кембридж Халықаралық Емтихандық Кеңесінің өкілі Диттани Роуз өткізді. Семинар барысында:

  • уақыт пен сапаны тиімді басқару;
  • ұйымдарда өтетін процестер (жұмысқа қосылған үлес және оның нәтижесі), Орталық жұмысында осындай процестерді анықтау
  • тиімді құжат айналымының негіздері
  • құжаттарды әзірлеу ережелері
  • блок-схемаларды құру және пайдалану тақырыптары қарастырылды.

Семинар нәтижелері бойынша құжаттардың сапасын жүйелі түрде басқарып отыру (уақыты, нұсқалары, оқылуы) және осы мақсатта Орталық үшін төмендегідей құжаттар әзірлеу туралы шешім қабылданды:

  • «НЗМР ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының регламенті;
  • «Құжаттарды оқып түзету бойынша басшылық»
  • «Құжаттарды аудару бойынша басшылық»
  • «Стиль бойынша басшылық»