«Мектептегі көшбасшылық және басқару - 2012»
Конференцияның пленарлы мәжілістеріне және әр түрлі бағыттағы отырыстарына білім саласындағы басты мүдделі тараптар: республикалық және жергілікті деңгейдегі өкілетті тұлғалар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, білімді басқару және көшбасшылық саласының отандық және халықаралық сарапшылары қатысты.
Конференцияның мақсаты:
- мектепте көшбасшылықтың үздік тәжірибесін енгізуде халықаралық сарапшылар, ғалымдар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер арасындағы диалогқа ықпал ету;
- Зияткерлік мектептерде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру;
- Зияткерлік мектептердің жұмысын жақсартуда көшбасшылық бойынша қосымша стратегияларды әзірлеу;
- білім беру процесіне қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жоспарлауды жақсартуға ықпал ету;
- қоғамға Зияткерлік мектептердің қызметін насихаттау жұмысын ұйымдастыру болып табылады.