Developed by jtemplate

 

 


 

2020-2022 жылдар аралығында 10-сыныпқа арналған «Математика, 1-бөлім» оқу-әдістемелік кешенін әзірлейтін авторға байқау жарияланымы

 

НЗМ ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы (010000, Нур-Султан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1, анықтамалық телефон: 23-57-58, е-mail: textbooks@nis.edu.kz)бос қызмет орнына байқаужариялайды:

Негізгі мектепке арналған оқу-әдістемелік кешенді әзірлейтін автор (6бірлік)

Байқауға қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қызметтік міндеттер: авторлармен және редакторлармен, сондай-ақ басқа пән командарларының мүшелерімен белсенді түрде бірігіп жұмыс жасау; кіріктірілген білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес контент жазу; білім, білік пен дағдылардың сабақтастығын қамтамасыз ету; өмір бойы өз бетімен оқуға дайындайтын, дамып келе жатқан білім беру қағидаттарына сай болу; егжей-тегжейлі және толыққанды талдау мен есеп жасау, сұрақтар қою, кері байланысты талдап, қателер болған жағдайда оларды түзету; иллюстрациялармен жұмыс істеу, түс пен стильді дұрыс таңдау, түрлі-түсті суреттерді қабылдауға қатысты балалардың танымдық қабілеттерін білу; мәтіндер мен суреттердің теңгерілімде болуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының білім беру стандартын, авторлық құқықты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; мектеп ктаптарына қойылатын талаптарды білу және өз жұмысында, сондай-ақ командалық жұмыс барысында осы стандарттарды ұстану.

Байқау үміткерлеріне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білім; ғылыми дәреженің болғаны абзал, қызметтік міндетті атқаруға қажет мемлекеттік тіл мен орыс тілін білген жөн; Microsoft Office бағдарламасымен және құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білу; оқулық пен оқу материалын жазу түсінігінің болуы және өз пәнінің маманы болу; оқу әдебиеті мен оқу материалын жазу тәжірибесінің болуы, өз пәні бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалаларының басылып шығуы; кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сәйкес оқу материалын әзірлеу; әрбір жеке пәнде және оқу жоспарындағы барлық пәндер арасында пәнаралық байланыстардың сабақтастығы мен өзара үйлесімділігін сақтау (ғылымилық, сабақтастық, қисындылық, жүйелілік); оқулық пен оқу материалын әзірлегенде инновациялық әдістер мен технологияларды тиімді қолдану; оқушыны өмірде кездесетін мәселелерді шешуге даярлайтын оқу-танымдық тапсырма түрлерінің қамтылуы; АКТ (ақпаратпен жұмыс жасау білігінің қалыптасуы: іздеу, өңдеу, жеткізу, басқару); сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану; балалардың жасына сай психологиялық ерекшеліктер мен олардың әртүрлі кезеңдерде оқу қабілеттерін білу;  тиімді жоспарлай білу және топта жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.

Соңғы жаңалықтар

«Білім беру мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030» жобасы шеңберіндегі ЭЫДҰ-ның алғашқы виртуалды жаһандық форумы

 

Толығырақ...
«Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбында вебинар өткізiлді.

 

Толығырақ...
Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

 

Толығырақ...
Еліміздiң жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бейнесабақтарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

 

Толығырақ...
9-сыныпқа арналған «Математика» оқу-әдістемелік кешенін аудару үшін локализаторға байқау жарияланымы

 

Толығырақ...
Қалиева Бибігүл мен Жакеева Алтынгүл еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына қатысады

 

Толығырақ...
Құлмагамбетова Ақсұлу еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына қатысады

 

Толығырақ...