Оқу бағдарламаларын апробациялауда ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және мониторинг

2012 жылдың 16-26 маусымы аралығында пәндер бойынша кіріктірілген жаңа бағдарламаларды ендіру мақсатында Көкшетау, Семей, Өскемен және Талдықорған қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне сапар

Мақсаттары:

  • НЗМ пән мұғалімдерін жаңа кіріктірілген бағдарлама мен «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Физика», «Тарих», «Биология», «Химия», «Өнер», «География», «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламаларымен таныстыру;
  • жаңа бағдарламаны ендіруге байланысты сұрақтарды талқылау, түсіндіру;
  • екі жақты байланыс үшін мәліметтер жинау.

Нәтижелер:

  • жаңа бағдарламаны ендіруге байланысты қажеттіліктер мен мәселелер сарапталды.

Семинар пленарлы және пәндер бойынша секция түрінде өтті. Семинардың бірінші бөлімінде Ж.Н. Абдильдина кіріктірілген жаңа оқу бағдарламаларын, Г. Рахимова жаңа «Жаһандық перспективалар» пәнінің материалдарын, А. Байтуков топ ішінде оқыту, оқытудың белсенді әдісі, жаратылыстану ғылымдарының субъектілерін бағалау критерилері секілді жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырды. НЗМ барлық қатысушылары жаңа кіріктірілген бағдарламаны ендіруге байланысты көптеген сұрақтар қойды.

Секциялық бөлімдерде пленарлы бөлімде айтылған мәселелер бойынша пікір алмасылып, жаңа оқу бағдарламаның ортақ сипаттары мен соңғы тараудың мазмұны ұсынылып, кері байланыс орнату мақсатында сауалнамалар толтырылды, талқылаулар жүргізілді. Кестеде көрсетілген сауалнамалар нәтижесі бойынша КБББ тиімді ендіруді қамтамасыз ету үшін мұғалімдердің кәсіби дамуына байланысты негізігі қажеттіліктер анықталды.

Анализ результатов опроса учителей, администрации школы и учеников Интеллектуальных школ в январе 2013 г. в рамках мониторинга и пересмотра Интегрированной образовательной программы

2013 жылдың қаңтар айында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Кіріктірілген білім беру бағдарламасын» енгізуге байланысты жоспарлы мониторинг өткізілді. Соған сәйкес мектеп әкімшіліктерінен интервью алынып, оқушылар мен мұғалімдерге онлайн сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің онлайн-фоумында талқылау нәтижелері де қарастырылды. Жалпы алғанда, «Кіріктірілген білім беру бағдарламасының» енгізу нәтижелерін қарастырған онлайн сауалнамаға Астана, Көкшетау, Өскемен, Семей, Талдықорған, Орал мектептерінен 63 жергілікті және халықаралық мұғалімдермен бірге 835 оқушы қатысты. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар бұл бағдарламаның тәжірибеге бағытталғанын, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытатынын атап көрсеткен. Сонымен қатар, үш тілде білім беру тілдерді пән бағдарламасының мазмұны арқылы дамытуға ықпал ететінін де атап өткен. Оқушыларға топпен жұмыс істеу, ойын түрінде өткізілетін сабақтар мен презентациялар жасау, ғылыми жобалармен айналысу ұнайтынын жеткізген. Оқушылардың 62% ғылыми жоба жұмыстарымен шұғылданады.