Вакансиялар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы қазақ, орыс тілдерін (ағылшын тілін білгені жөн) білетін мынадай бос лауазымдарға (оқытушы-әзірлеуші) конкурс жариялайды:


2-сыныпқа арналған «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін 2020-2021 жылдар аралығында аудару үшін аудармашы-локализаторлардың бос штаттан тыс орындарына байкау жарияланады

 

НЗМ ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 010000, Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі (бұрынғы 31-көше), 21/1-ғимарат, анықтамалық телефон нөмірі: 23-57-58, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. бос қызмет орнына байқау жариялайды:

2-сыныпқа арналған оқулық пен оқу-әдістемелік кешеннің аудармашы-локализаторы

Байқауға қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қызметтік міндеттер: пән координаторларымен және редакторлармен, сондай-ақ басқа пәндік салалардағы топ мүшелерімен белсенді түрде бірлесіп жұмыс жасау; мәтін, тақырыптар, ескертпелер және материалдың басқа бөліктерін теру ережелерін сақтау, орфография мен пунктуация ережелерін сақтау, техникалық қателер жібермеу (бос орындар, сөз тасымалы, дефис/сызықша), бастапқы материалдың стилін ескеру, мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық бiркелкiлiгін, иллюстрациялардағы, кестелердегі және басқа иллюстративті материалдардағы белгілердің бiркелкiлiгін сақтау, кестелерді, түсіндірмелерді дұрыс құрастыру, оқулықтың және оқу-әдістемелік кешеннің қай жасқа арналғанын, оның мәдени және пәндік ерекшеліктерін ескеру, мектеп кітаптарының сапасына қойылатын талаптарды білу және өз жұмысында, сондай-ақ командалық жұмыс барысында ұстану.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білім; ғылыми дәреженің болғаны абзал, қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті мемлекеттік және орыс тілдерін білуі керек; кеңсе бағдарламаларымен және құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білуі керек; оқулық пен оқу материалын жазу ерекшеліктерін білуі және өз пәнінің маманы болуы; пәндік салада оқу әдебиеті мен оқу материалдарын әзірлеу, ғылыми-әдістемелік еңбектер мен мақалалар жариялау тәжірибесі болуы керек; балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін білуі, сондай-ақ олардың әртүрлі кезеңдердегі оқу қабілеттерін білуі; тиімді жоспар құрып, топта жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек.

 

Конкурстық іріктеу тапсырмасын және жұмысты бағалау критерийлерін алу үшін textbooks@nis.edu.kz электронды поштасына хабарласуға болады. Түйіндеме және орындалған тапсырма 2020 жылдың 30 қазанына дейін textbooks@nis.edu.kz электронды поштасына қабылданады, хаттың тақырыбыда Пән және Сынып көрсетілу керек.

 


   


 


 

 


 


 

 Please send resume to This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.