Білім беру бағдарламалары орталығы атқарған іс-шаралар

Оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында НЗМ мұғалімдері және халықаралық кеңесшілердің қатысуымен 30 семинар өтті. 200-ден астам мұғалім оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге қатысты.


 

2012 жылы НЗМ мұғалімдерімен бірге төмендегілер әзірленді:

Бағдарламалар                                                     саны                        
Бастауыш 10
Негізгі 16
Жоғары 14
Барлығы 40

 

Жоспарлар              саны                  
7-сынып 16 
11-сынып 14 
8-сынып 16 
12-сынып 10 
9-10-сыныптар  4
Барлығы  60
Барлығы (бағдарламалар мен жоспарлар)  100


НЗМ жаратылыстану-математикалық бағыттағы кіріктірілген білім беру бағдарламасының (әрі қарай - білім беру бағдарламасы) жалпы ережелерін, құрылымын, стратегиялық негіздерін, құндылықтары мен мақсаттарын, білім беру салалары бойынша оқытудың күтілетін нәтижелерін, білім берудің мазмұнын, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау және білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды.


 Зияткерлік мектептердегі білім берудің мазмұнын анықтауға келесі бағдарлар қолданылды:

  • оқушыларды сын тұрғысынан және креативті-шығармашыл ойлауға, танымның ғылыми әдістері мен зерттеу әрекеттеріне жүйелі түрде қатыстыру қажеттілігі;
  • жеке пәндер мазмұнынан бастысын таңдау, цикларалық және пәнаралық сипаттағы білім берудің мазмұнын кіріктіруді іске асырудың дұрыстығы.

Зияткерлік мектептердің білім беру мазмұнының басты ерекшелігі жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін жеке тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту негіздері ретінде тереңдете оқыту бағытымен байланысты. «Математика», «Физика», «Химия», «Биология» оқу пәндерінің мазмұнын тереңдету оқушылардың жобалау және зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы үштілділік саясаты негізінде, пәндік салаларды үш тілде оқыту арқылы жүзеге асырылады.