Кәсіби даму

2013 жылғы 19-24 шілде. «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» семинары

2013 жылдың 19-24 шілде аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығында» «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» (CLIL: Content and language integrated learning) атты семинар өтті. Оған Зияткерлік мектептердің 10 пән мұғалімі мен орталықтың 11 маманы қатысты. Семинарды білім беру саласындағы халықаралық консультант Роузи Таннер жүргізді.
Семинарға қатысушылар тілдік емес пәндерді екінші тіл арқылы оқытуда қолданылатын тілдік дағдыларды дамытуға арналған түрлі стратегиялармен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар пән мен тілді кіріктіріп оқытудың негізгі болып табылатын BICS - базалық тұлғааралық коммуникативтік дағдылары және CALP - тілді меңгерудің танымдық академиялық дағдылары туралы түсініктерді қарастырды және осы тәсілдің төрт қағидаты, атап айтқанда, мазмұн, коммуникация, таным, мәдениет қағидаттарымен танысты. 
Сондай-ақ, семинардың соңғы күні қатысушылар алған білімдерін пысықтау, консультанттан кері байланыс алу мақсатымен өздері мини-семинар өткізді.

2013 ж. 3-5 маусым. «Оқытуды үйрен» атты семинары

2013 жылдың 3-5 маусымда Орталық мамандары үшін Зияткерлік мектеп оқытушыларымен тренингтер өткізу дағдыларын үйрету семинары өткізілді. Семинарды Мәскеу бизнес мектебінің тренері Оксана Самарина жүргізді. Семинар барысында қатысушылар тренингтің ұйымдастырушылық құрылымымен, оның жіктелімі, ересек аудиторияның ерекшеліктері, тренингтер өткізу алдындағы дайындық шаралары, т.б. танысты.

Тренер сондай-ақ Орталық мамандарымен бірге келесі тақырыптарды қарыстырды:

  • Тренерге семинарды тиімді жүзеге асыру қажетті «фишкалар» немесе әдістер (вербалды емес, Флюгер әдісі, ым-ишара аймағы, бас изеу, т.б.);
  • Қатысушылардың  ынтасын, өнімділігін және жақсы көңіл-күйін қолдауға арналған жаттығулар;
  • Тренингтерге қатысушылардың типтері және олардың ерекшеліктері;
  • Жеке тренингі бағдарламасымен жұмыс кезеңдері және тренингке аналитикалық дайындық;
  • Сұрақтар мен жауаптарды құру техникасы;
  • Тренингтің табысты өтуінің құралы ретіндегі коучинг.

Семинарда оқытудың белсенді әдістері мен практикалық тапсырмалар қамтылды. Қатысушылар топ ішінде және жекелей жұмыс істеді.

2013 жылдың 3-5 сәуірінде «Тренингтер өткізу дағдыларын дамыту» тақырыбында БББО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары өткізілді

2013 ж. 3-5 сәуірінде Орталықтың пән мамандарының біліктілігін аттыру семинары өтті. Семинарды Кембридж Халықаралық Емтихан кеңесінің кеңесшісі Кили Лэйкок жүргізді. Үш күнге созылған семинар барысында Орталық қызметкерлері оқытушыларға арналған тренингтерді тиімді өткізудің әдіс-тәсілдерімен танысты. Семинарда келесі тақырыптар қарастырылды:

  • тренинг/семинар қатысушылары мен тренерлер арасында сенім атмосферасын қалыптастыру үшін «мұзжарғыш» (ice breaking games) ойынын өткізудің түрлі әдістері;
  • шара қатысушылары мен тренер арасындағы тығыз байланыс, белсенді тыңдау әдістері;
  • нәтижелі кері байланыс әдістері;
  • оқу процесін келесі циклдардан тұратын 4 қадамда қарастыратын Колба әдісі бойынша құру: не істедік, жасалған істерге шолу, нені үйрендік және келесі жолы нені өзгертеміз?
  • фасилитация және оның түрлері, сондай-ақ фасилитация, тренерлік және тәлімгерлік арасындағы айырмашылық.

Семинарда оқытудың белсенді әдістері мен практикалық тапсырмалар қамтылды. Қатысушылар топ ішінде және жекелей жұмыс істеді.

2013 жыл 21-23 ақпан. «Қызмет сапасын қамтамасыз ету» оқу-тәжірибелік семинары

2013 жылдың 21-23 ақпанында Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарды Кембридж Халықаралық емтихан кеңесінің өкілі Диттани Роуз өткізді. Семинар барысында:

  • уақыт пен сапаны тиімді басқару;
  • ұйымдарда өтетін процестер (жұмысқа қосылған үлес және оның нәтижесі),
  • Орталық жұмысында осындай процестерді анықтау, тиімді құжат айналымының негіздері, құжаттарды әзірлеу ережелері, блок-схемаларды құру және пайдалану тақырыптары қарастырылды.

Семинар нәтижелері бойынша құжаттардың сапасын жүйелі түрде басқарып отыру (уақыты, нұсқалары, оқылуы) және осы мақсатта Орталық үшін төмендегідей құжаттар әзірлеу туралы шешім қабылданды:

  • НЗМ ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының регламенті;
  • «Құжаттарды оқып-түзету бойынша басшылық»
  • «Құжаттарды аудару бойынша басшылық»
  • «Стиль бойынша басшылық»

20-21 қараша 2012 – «NVivo қамтамасыз ету» тақырыбын оқыту

NVivo – сапалы деректерді (QDA) талдауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету. Күрделі мәтіндік және мультимедиялық ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бұл бағдарлама терең деңгейлік талдауды қажет ететін сапалы зерттеу жүргізу мақсатында әзірленген. Бағдарламада сапалы модельдеу мен егжей-тегжейлі талдау жасауға арналған құралдар бар.

NVivo – сапалы деректерді (QDA) талдауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету. Күрделі мәтіндік және мультимедиялық ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бұл бағдарлама терең деңгейлік талдауды қажет ететін сапалы зерттеу жүргізу мақсатында әзірленген. Бағдарламада сапалы модельдеу мен егжей-тегжейлі талдау жасауға арналған құралдар бар.

22-26 қазан 2012 - Action research

НЗМ мұғалімдері мен Білім беру орталығының өкілдері Action research (тәжірибені іс жүзінде зерттеу) принциптерін түсіндіруге арналған бес күндік семинарға қатысты. Семинарды Кембридж университеті педагогикалық факультетінің оқытушысы Колин Маклафлин өткізді. Семинарға қатысушылар британ мектептері мен Кембридж Университетінің SUPER жобасына қатысты өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды. Олар осы мектептердегі сабақтарға қатысып, Action Research мәселелерін іс жүзінде зерттеу тақырыптары бойынша оқытушылармен, студенттермен, мектеп басшыларымен пікір алмасты. Қайтып келгеннен соң қатысушылардың әр тобы («НЗМ» ДББҰ, ДОКО, ДОПП, БББО және 6 Зияткерлік мектеп өкілдері) алған ақпараттарын талқылап, Action Research жобасы бойынша алдағы уақытқа жұмыс жоспарын белгіледі.