Біз туралы

Білім беру бағдарламалары орталығы 2012 жылдың 1 ақпанында құрылған. Орталық келесі бөлімдерден тұрады: жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бөлімі, лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімі, қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімі, қаржылық-әкімшілік қамтамасыз ету бөлімі, редакциялау бөлімі, мектепке дейінгі жәе бастауыш білім беру бөлімі. Орталықтың директоры – Абдильдина Ж.Н. Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі жұмыс бағыты ең жақсы ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарын есепке ала отырып, кіріктірілген білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге жағдай жасап, мониторинг, апробациялау, білім саласындағы зерттеулерді және осы бағдарламаларды Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іс жүзінде ендіріп, соңынан тәжірибелерді Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мектептеріне тарату болып табылады.


 

 

 

Әбділдина Жанар Нұрбапашқызы

  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директоры

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Екібастұз қаласының №4 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, Шаңтөбе ауылы, Комаров атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі, Шаңтөбе ауылы, Комаров атындағы орта мектептің директоры, Степнагорск қаласының білім беру бөлімінің бастығы ретінде жұмыс істеді.

 2009 – 2012 жылдар аралығында Көкшетау қаласының физико-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры.

2012 жылдың ақпан айынан бастап  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директоры.

2003 жылы Степнагорск қалалық мәслихатының депутаты ретінде сайланды.

2003 – 2006 жылдарында «Сорос» халықаралық қорының екі грантының иегері.

2011 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға арналған Астана қаласында іс-шараларға қатысу үшін Ақмола облысы ресми делегациясының құрамына енді.

Халықаралық және республикалық деңгейдегі семинарлар және тренингтерге қатысты.  «Мектепте басшылық жасау және басқару»  Пенсильвания университеті, АҚШ, «Мектептегі жаратылыстану біліміне қойылған заманауи талаптар», «Сабақты кірістіру әдістемесі», «Химия пәнін оқытудағы Халықаралық бакалавриаттың әдістері мен тәжірибелерін оқу», «Біліктілік педагогикасына кіріспе», «Жаратылыстану ғылымдарын оқыту шеңберінде балалардың жасампаздығын дамыту», «Шет тілдерін оқытудағы жаңа тәсілдер», «Тренингтерді өткізу бойынша дағдыларды дамыту», «Сапалы менеджмент» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысты.

Еуропалық тренер мектебінің сертификатының иегері.  «Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдірудің өзекті мәселелері»,  Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесі сарапшыларының қатысуымен Nazarbaev Intellectual Schools Management Group Development Program семинарларына қатысты.

Қазақстан Республикасының жеке ұйымдары ассоциациясының «Экономиканы дамытудағы мемлекеттік емес білімнің ролі» Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының «Білім беру саласындағы инновациялар: ізденістер және шешімдер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. 

Сертификаттар мен марапаттауларының арасында: «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» омырау белгісі, Степнагорск қаласының «Ауған» қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін  «Долг и честь» омырау белгісі, Көкшетау қаласының құрмет грамотасы, Ақмола облысының Білім беру ұйымының алғыс хаты, Ақмола облыстық біліктілікті арттыру және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау институтының алғыс хаты бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 


 

 Салменова Гүлнар  Ислямбекқызы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы директорының орынбасары

Білімі: жоғары, 1)  Астана қаласы, Еуразия Гуманитарлық Институтының «Шет тілі: Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалавры;

2) «Шет тілі: Екі шет тілі»  мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, Астана Университеті;

3) «Білім беру саласындағы басқару» мамандығы бойынша Назарбаев Университетінің магистрі;

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2012 жылдың 11 сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 

 Қызмет жолын 2008 жылы Астана қаласында Гуманитарлық колледжінде ағылшын тілінің мұғалімі ретінде бастады.

2012-2016 жж. Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде келесі лауазымда жұмыс істеді: ұйымдастырушы – педагог, куратор, ағылшын тілінің мұғалімі, негізге мектеп бағдарламаларының координаторы.

Халықаралық Бакалавриаттың негізгі мектеп бағдарламасы бойынша халықаралық кеңесшісі болып табылады.

Халықаралық Бакалавриаттың негізгі мектеп бағдарламасы бойынша баға беретін сапарлары бойынша халықаралық топтың мүшесі. 


 

 

Мағзумова Арайлым Қуанышқызы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы директорының орынбасары

Білімі: жоғары, 1) химия бакалавры,  Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

2) Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің органикалық заттардың химиялық технологиялары бойынша магистрі.

Химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD).

Мағзумова Арайлым Қуанышқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2012 жылдың 11 маусым айынан бастап жұмыс істейді.  2016 жылдың 1 шілдесінен бастап тәжірибені тарату мәселелері бойынша директор орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Қызмет жолын 2007 жылдан бастап Қарағанды қаласында «Дарын» мектеп-интернатында химия мұғалімі ретінде бастады. Талдықорған қаласында                                  

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ғылым және мемлекеттік байланыстар бөлімінің ғылыми қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі бар. 


 

 

 Адыханов Дулатбек Зейнелұлы

«Назарбаев  Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы директорының орынбасары.

Білімі: жоғары,  бухгалтер есеп және аудит, бухгалтер – экономист, С.Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университеті.

 Адыханов Дулатбек Зейнелұлы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.  2015 жылдың 25 мамырынан бастап қаржы-әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы ретінде жұмыс істей бастады.

Қызмет жолын Киев  коммуналдық шаруашылығындағы көпсалалы ұйымның есептік үстелінің бухгалтері ретінде бастады.

1993-1996 жж. – Киев  коммуналдық шаруашылығындағы  көпсалалы ұйымның бас бухгалтері.

1997-1998 жж.  – Киев  коммуналдық шаруашылығындағы көпсалалы ұйымында техник-экономист.

1998-2003 жж.  – ЖТМО Нұра бөлімінің аға маманы

2003-2005 жж. – Қарағанды қаласының қалалық бөліміндегі төлем саласының аға маманы

2006-2007 жж. «Қазақстан құбыр оңашалау зауыты» ЖШС, «Кобра» АҚ ЖШС, «Темір қазық Астана» ЖШС бухгалтер, бас бухгалтерінің қызметін атқарды.

2007-2009 жж. – Астана қаласының «Фитосанитария»» РМК Орталық аппараты бас бухгалтерінің орынбасары.

2009-2012 жж. – Астана қаласының «Фитосанитария»» РМК Орталық аппараты  бухгалтерлік есеп және аудит бөлімінің бастығы. 


 

 

Абуов Жанабай Серікбайұлы     

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары, қазақ тілі және әдебиет мұғалімі, А. Яссауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.

Абуов Жанабай Серікбайұлы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» филиалында 2015 жылдың 3 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.  

Қызмет жолын 2004 жылы Кентау қаласында ұлдарға арналған Түркістан ҚТЛ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2007 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары,                

2008 жылдан 2011 жылдардың аралығында Кентау қаласында ұлдарға арналған Түркістан ҚТЛ -де оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды.2011 жылдан 2012 жылға дейін «Астана – Достық» білім орталығында директор орынбасарының лауазымында жұмыс істеді. 2012 жылдың сәуір айынан бастап 2014 жылдың маусым айына дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері ретінде жұмыс істеді.  2014 жылдың маусым айынан 2015 жылдың қаңтар айы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері қызметін атқарды.                 

2015 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті директоры орынбасарының қызметін атқарды. 


 

 

Толеубаева Айнура Мухаметсадыковна

«Назарбаев  Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы

 Білімі: жоғары, есеп және аудит, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 Төлеубаева Айнұр Мұхаметсадыққызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2018 жылдың 1 сәуірінен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынының жүйесінде 2012 жылдың 24 ақпанынан бастап жұмыс істейді

 Қызмет жолын 2009 жылы бастады

 2012-2018 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бухгалтерлің есеп департаментінің менеджері

 CAP халықаралық классификациясы, ҚР кәсіби бухгалтері дәрежелеріне ие 


 

Аубакиров Тойбек Уатаұлы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары, инженер-механик, Мәскеу станкоинструменталдық  институтының түлегі (Московский станкоинструментальный институт).

Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

 Аубакиров Тойбек Уатаұлы –  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында                          

2012 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді.  2010 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Көкшетау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеді.

Қызмет жолын 1977 жылы Целиноград инженер-құрылыс институтында математик – программист ретінде бастады. Аталған институтта 1982 жылдың қараша айына дейін  жоғары математика кафедрасында мұғалім ретінде   жұмыс істеді.  1982 жылдан 1985 жылға дейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механико-математикалық факультетінің  математика бөлімінде «Ықтималдылық теориясы және математикалық статистика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 1985 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде сабақ берді. 2005 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Математикалық талдау» мамандығы бойынша докторантураны бітірді. 2007 жылдың қыркүйек айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін  - математика және оқыту әдістемелік кафедрасының доценті,                           2008 жылдың тамыз айынан бастап 2010 жылдың тамыз айына дейін                            Ш. Уәлиханов атындаға Көкшетау мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетінің деканы.

Қазақстан Республикасының білім беру саласында ерекше қызметі үшін 2013 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» омырау белгісімен марапатталды. 


 

Дисюпов Бейбіт Аманұлы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының

«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының цифрлы білім беру ресурстары контентін әзірлеу бөлімінің басшысы

Білімі – жоғары

 2010-2012 – Халықаралық бизнес университеті (Алматы қ., Қазақстан), «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

2005-2010 – Мармара университеті (Стамбұл қ., Түркия), Ататүрік атындағы білім беру факультеті, «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавры.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйесінде 2010 жылдан, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап жұмыс істейді.

 Қызмет жолын 2010 жылы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі мұғалімі ретінде бастады.

 2012-2013 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері.

 2013-202018 жж. – «Білім беру ресурстары орталығы» жеке мекемесінің контент әзірлеу бөлімінің аға-менеджері, цифрлы білім беру ресурстары контентін әзірлеу бөлімінің басшысы.


 

 

Ашимов Аскат Бейсенбайұлы

 

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының ОӘК әзірлеуді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары,

1) Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі

2) Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,  бакалавр юриспруденция бакалавры

«Болашак» бағдарламасы шеңберінде Чех Республикасы, Прага қаласында Карлов университетінде «Демография» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. 

Ашимов Аскат Бейсенбайұлы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың 1 шілдесінен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынының жүйесінде 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап жұмыс істеп келе жатыр.

    Қызмет жолын 2007 жылдан бастап Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің шет тілдері кафедрасының мұғалімі ретінде бастады.

    2012-2013 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім саясаты және бағдарламалары департаменітнің менеджері.

    2013-2016 жж. –  «Білім беру ресурстық орталық» ЖМ контент бөлімінің бас менеджері. 


 

 

 

 Ержанова Ардақ Әлімқызы

 «Назарбаев  Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының дизайн және басылым алдындағы дайындық бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары,

1) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің шет тілінің мұғалімі;

2)  Қаржы бакалавры, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.

Ержанова Ардақ Әлімқызы –   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді.

«Болашак» бағдарламасы шеңберінде «Басқару, білім саласындағы саясат» мамандығы бойынша Ұлыбританияда, Бристоль университетінде магистратураны тәмамдады.

Қызмет жолын 2009 жылы Астана қаласының Статистика департаментінде аға маман ретінде бастады.       

 2013-2016 жж. –   «Білім бері ресурстар орталығы» ЖМ аға менеджері.


 

Жадрина Гүлнар Жұмабайқызы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының редакциялық бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары,  химия және биология пәні бойынша мұғалім,  Қазақ Қызыл Ту ордені педагогикалық институты.

Педагогикалық ғылымдар  кандидаты.

Жадрина Гүлнар Жұмабайқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  «Білім беру бағдарламалары орталығы»  филиалында (бұдан әрі – Орталық) 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап  жұмыс істейді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жүйесінде 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.

Қызмет жолын 1984 жылы Алматы облысының Үңгіртас ауылында химия және биология пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1993 жылдан 1996 жылға дейін              Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру саласындағы мәселелер институтында химия және биологияны оқыту зертханасының кіші  ғылыми қызметкері  ретінде жұмыс істеді. 1996 жылдан 1999 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру саласындағы мәселелер институтында аспирантурада білім алды. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының Кәсібі білім беру институтында жұмыс істеді. 2001 жылдан 2005 жылға дейін «Мектеп» Баспасы» ЖАҚ жанында «Оқулық авторлары мектебінің» Ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс істеді. 6 жыл бойы «Таймас» Баспа үйі ЖШС ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс істеді. 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Білім беру ресурстар орталығы» ЖМ контентті әзірлеу бөлімінің жұмысына басшылық жасады.

Гүлнар Жұмабайқызының басшылығымен 1 және 2 сыныптарға арналған Негізгі мектептің кіріктірілген  білім беру бағдарламасы бойынша оқу-әдістемелік кешендері әзірленді және баспадан шығарылды. 1 сыныпқа арналған «Менің ортам» және 2 сыныпқа арналған «Қоршаған орта» тілді оқыту бойынша оқулық және жұмыс дәптерінің авторы болып табылады. 


 

 

 

Сейтмолдинов Дархан Назарбекович

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық  пәндер бағыты бойынша бөлім бастығының міндетін атқарушы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық  пәндер бағыты бойынша бөлім бастығының міндетің атқарушы.

Білімі: жоғары, бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.

Кәсіптік оқыту магистрі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Сейтмолдинов Даркан Назарбекұлы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2013 жылдың 15 маусымынан  бастап жұмыс істейді.

Қызмет жолын 2003 жылы Семей қаласының № 20 орта мектебінде технология пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

2004 - 2013 жж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.

2013-2015 жж. -  Павлодар қаласының ХББ НЗМ, өнер пәнінің мұғалімі.


 


 

 Ковтунец Ольга Сергеевна

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аударма жұмысы бөлімінің бастығы.

Жоғары білімді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде келесі мамандықтар бойынша алды: екі шет тілінің аудармашысы (ағылшын және француз тілдері), аймақтану – Ресей Федерациясының аймақтары.

Ковтунец Ольга Сергеевна –  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жүйесінде 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. 

Қазақстан Республикасында білім беру саласында әр түрлі жобалар бойынша ауқымды жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы және Ұлыбритания елдерінің ұйымдарында  жұмыс істеген.

Қызмет жолын 2002 жылы Мәскеуде ағылшын тілінің мұғалімі ретінде бастады.

    2005-2006 жж. –  Әкімшілік сұрақтары бойынша маман. Жеке ассистент, «CPMDevelopment & Partners» ООО басшысының көмекшісі, Мәскеу, Ресей Федерациясы. 

    2007-2009 жж. – Орыс тілінде шығатын газеттің маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы.   

    2009-2013 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары және саясат департаментінің менеджері, Кадр ресурстарын дамыту департаменітінің бас менеджері.

    2013-2016 жж. –  «Білім беру ресурстар орталығының» ЖМ аударма – редакторлық бөлімінің бастығы. 


 

 

Акижанова Жанар Женисқызы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының Талдау және зерттеу бөлімінің бастығы.

Білімі – жоғары

2013-2017 – Назарбаев Университет, «Білім беру саласындағы басқару» мамандығы бойынша Назарбаев Университетінің магистрі

1992-1998гг.  – Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  «ағылшын және француз тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавры

 Жұмыс тәжірибесі:

  • мамыр 2017ж. – қазіргі уақытқа дейін - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының талдау және зерттеу бөлімінің бастығы
  • наурыз 2012ж. - мамыр 2017ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менеджері
  • қыркүйек 2011ж. – ақпан 2012ж.  – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • ақпан 2011ж. – тамыз 2011ж. -    Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үштілдік білім беру және Халықаралық Бакалавриат бойынша жоба топтарында қызметкері
  • қыркүйек 2009ж. – ақпан 2011ж. – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі мұғалімі, әдістемелік бірлестіктің меңгерушісі
  • қыркүйек 2003ж. – тамыз 2009ж. – Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Дарын» мектебі, ағылшын тілі мұғалімі, мектеп кәсіподақ комитетінің төрағасы
  • қыркүйек 1999ж. – қараша 2000ж. – Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ағылшын тілі мұғалімі
  • қыркүйек 1998ж. – тамыз 1999ж. – Қарағанды қаласындағы «Лингва» тіл және аударма институты, ағылшын тілі мұғалімі

Кәсіби даму

  • мамыр 2013ж. – Мәскеу қаласындағы бизнес мектебі, «Үйренуге үйрен» тренингі
  • қазан 2012ж. – Кембридж, Ұлыбритания, «Іс-әрекеттегі зерттеу» тренингі
  • желтоқсан 2011ж. – Темасек, Сингапур, «Білім саласында АКТ-ны қолдану» семинары
  • қараша 2011ж. – Тулуз, Франция, Халықаралық Бакалавриат  мектебіне бару
  • шілде 2011ж. – Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарлама бойынша ағылшын тілін оқыту әдістемелері туралы Дэвид Рипли өткізген семинарға қатысу
  • мамыр 2011ж. – Пермь қаласындағы Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарлама бойынша сабақ беретін мұғалімдерімен бірге «Халықаралық білім беру жүйелерінде білім берудің заманауи технологиялары»  семинарға қатысу
  • сәуір 2011ж. – IBSCA, Оксфорд, Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасындағы ағылшын тілі бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу
  • ақпан 2011ж.  – Hifab, Швеция,  көптіллді оқыту бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу
  • наурыз 2011ж.  – Кэмбридж, «Сыни ойлау» жобасында оқу
  • ақпан, сәуір 2011ж. – үш тілде оқыту бойынша Аланом Кроуфорд өткізетін семинарларды ұйымдастыру және қатысу
  • тамыз 2010ж. – АҚШ Елшілік, «Заманауи оқытудағы үздік тәжірибе»
    • маусым – шілде 2010ж.  – University College London, Ұлыбритания, «English Language Professional Development Course», оқу
    • қаңтар 2010ж. -  Астана қаласы, Preparation for IELTS
    • қараша 2009ж. – Quality Schools International, Алматы қаласы, Teacher Training Seminar

 Марапаттар

  • Астана қаласындағы Есіл әкімдігінің атынан «Білімге қосқан үлесі үшін» Құрмет Грамотасы, қыркүйек 2011ж.
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының атынан Құрмет Грамотасы, маусым 2010ж.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан Алғыс Хаты, қыркүйек 2009ж.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан Алғыс Хаты, қыркүйек 2008ж.
  • Қарағанды қаласындағы Білім Департаментінің атынан Құрмет Грамотасы, қыркүйек, 2008ж.
Тіл білімі
  • Қазақ тілі – ана тілі
  • Ағылшын тілі – IELTS 7
  • Орыс тілі – жоғары деңгей

 Хобби

  • экотуризм
  • кітап оқу
  • музыка

 


 

 Самуратова Жанат Бахытжанқызы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің бастығы.

Білімі: жоғары,  орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі.

Самуратова Жанат Бахытжанқызы– «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» филиалында 2016 жылдың 28 сәуірінен бастап жұмыс істейді.   

Қызмет жолын Ақтөбе педагогика институтының орыс тілі кафедрасының мұғалімі ретінде 1988 жылы бастаған. 

1989-1992 жж. –  Ақтөбе қаласында облыстық дарынды балаларға арналған мектеп –интернатының орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі. 

1992-1993 жж. – Ақтөбе қаласында № 3  орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 

1993-1998 жж. – Ақтөбе қаласының қалалық білім беру бөлімінің кадр бойынша маманы.

1998-2001 жж. – Ақтөбе қаласының № 47 жеке пәндерді терең оқыту бойынша жоғары сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептің директоры.

2001-2002 жж. – Ақтобе қаласының облыстық білім беру басқармасының аға маманы.

2002-2004 жж. – Астана қаласы, «Дарын» Республикалық ғылыми – практикалық орталығының дарынды балаларға арналған инновациялық технологиялар және мамандандырылған мектептер зертханасының меңгерушісі.

2004-2005 жж. – Ақтөбе қаласының № 30 орта мектебінің білім беру бөлімінің әдіскері.

2005-2008 жж. – ғылыми хатшы, Астана қаласының 12 жылдық білім беру мәселелері  бойынша РҒПО директорының орынбасары.  

2008-2012 жж. – Астана қаласының ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің білім беруді бақылау басқармасы.

2012-2016 жж. – Ақтөбе облысының білім беру басқармасының басшысы.

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы үздік қызметкері»,                             «Ы. Алтынсарин» омырау белгілері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституицясының 20 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталған.


 

Молдашев Серік Амандықұлы

            «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығыны» филиалының маркетинг бөлімінің бастығы.

Білімі – жоғары

2004-2008 жж – Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Юриспруденция» мамандығы бойынша бакалавр.

2008-2010  жж – Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Қаржы» (сыртқы бөлім) мамандығы бойынша бакалавр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйесінде 2010 жылдан бері, ал «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2018 жылдың 11 маусымынан бастап қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолын 2008 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы заң қызметінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы ретінде бастады.

2009 жыл – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы заң қызметінің келісімшарт жұмыстары бойынша топтың маманы.

2009 жыл – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Астана қаласы бойынша істерді басқару» өкілдігінің басты заңгер маманы

2010-2012 жж – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері.

2012-2013 жж – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептер дирекциясы» ЖМ-ның ұйымдастырушылық мәселелер бойынша менеджері.

2013 жж – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ-ның заңгер аға менеджері.

2013-2015 жж – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы Қызметпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

2015-2018 жж – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ-ның заңгер аға менеджері. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

AddThis Social Bookmark Button