Developed by jtemplate

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050»

Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

• Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

• Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту.

• Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.

• Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

• Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан

(Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл)

Соңғы жаңалықтар

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасы орта білімінің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі сыни бағалау жүйесі мен оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» атты тақырыптағы тренерлерге арналған оқу семинары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасы орта білімінің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі сыни бағалау жүйесі мен оқу бағдарламаларының ерекшеліктері»атты тақырыптағы тренерлерге арналған оқу семинары

Толығырақ...
Әзірлеуші авторларды конкурстық іріктеу

Хабарландыру

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» 2019-2020 жылдар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы - NIS-Programme-ға сәйкес 11-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)», «География» пәндері бойынша оқулықтарды әзірлеуші авторларға байқау жариялайды.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 18.01.2019

Анықтама телефоны: 23-57-58

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)

Байқауға қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қызметтік міндеттер: оқулық пен мұғалімге арналған нұсқаулық мазмұнын сапалы әзірлеу, авторлармен және редакторлармен, сондай-ақ басқа пән командарларының мүшелерімен белсенді түрде бірігіп жұмыс жасау; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы - NIS-Programme талаптарына сәйкес контент жазу; білім, білік пен дағдылардың сабақтастығын қамтамасыз ету; өмір бойы өз бетімен оқуға дайындайтын, дамып келе жатқан білім беру қағидаттарына сай болу; егжей-тегжейлі және толыққанды талдау мен есеп жасау, сұрақтар қою, кері байланысты талдап, қателер болған жағдайда оларды түзету; иллюстрациялармен жұмыс істеу, түс пен стильді дұрыс таңдау, түрлі-түсті суреттерді қабылдауға қатысты балалардың танымдық қабілеттерін білу; мәтіндер мен суреттердің теңгерілімде болуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының білім беру стандартын, авторлық құқықты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мектеп кітаптарына қойылатын талаптарды білу және өз жұмысында, сондай-ақ командалық жұмыс барысында осы стандарттарды ұстану.

Байқау үміткерлеріне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білім; ғылыми дәреженің болғаны абзал, қызметтік міндетті атқаруға қажет мемлекеттік тіл мен орыс тілін білген жөн; кеңсе бағдарламаларымен және құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білу; оқулық пен оқу материалын жазу түсінігінің болуы және өз пәнінің маманы болу; оқу әдебиеті мен оқу материалын жазу тәжірибесінің болуы, өз пәні бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалаларының басылып шығуы; кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сәйкес оқу материалын әзірлеу; әрбір жеке пәнде және оқу жоспарындағы барлық пәндер арасында пәнаралық байланыстардың сабақтастығы мен өзара үйлесімділігін сақтау (ғылымилық, сабақтастық, қисындылық, жүйелілік); оқулық пен оқу материалын әзірлегенде инновациялық әдістер мен технологияларды тиімді қолдану; оқушыны өмірде кездесетін мәселелерді шешуге даярлайтын оқу-танымдық тапсырма түрлерінің қамтылуы; АКТ (ақпаратпен жұмыс жасау білігінің қалыптасуы: іздеу, өңдеу, жеткізу, басқару); сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану; балалардың жасына сай психологиялық ерекшеліктер мен олардың әртүрлі кезеңдерде оқу қабілеттерін білу;  тиімді жоспарлай білу және топта жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Конкурстық іріктеу кезеңдері

 

1-ТУР

Әр үміткер электрондық поштасы, байланыс телефондары көрсетілген және фотосы бар түйіндеме жіберу керек.

2-ТУР

Шығармашылық тапсырманы орындау: бір қосарлы беттен мысал.  Түйіндемесі іріктеуден өткен үміткерлерге шығармашылық тапсырманы орындау бойынша нұсқаулар жіберіледі.

3-ТУР

Үміткерлермен онлайн сұхбат. Сұхбат 20 минуттан аспайды. Сұхбаттың мақсаты – үміткерлердің біліктілік деңгейін, білімін, дағдыларын және құзыреттіліктерін бағалау. Әрбір үміткермен өткізілген сұхбат желісі жеке хаттама ретінде рәсімделеді. Сұхбаттан өткен үміткерлердің құжаттары Орталықтың Ғылыми-әдістемелік кеңесімен қарастырылады, кейін үміткерлерді әзірлеуші авторлар құрамына кіргізу шешімі қабылданады.

Пән-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) бойынша семинар

Пән-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) бойынша семинар

Толығырақ...
Мадиярова Зульфия және Сармухамбетова Динара пәндік мамандары Талдықорған қаласы мектебінде мониторинг өткізді.

Мадиярова Зульфия және Сармухамбетова Динара пәндік мамандары Талдықорған қаласы мектебінде мониторинг өткізді.

Толығырақ...
Білім беру бағдарламалары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жобасы шеңберінде авторлар мен редакторлар үшін «Физика», «Математика», «Өнер», «Қазақстан тарихы», «Биология», «Химия», «Информаткиа» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша семи

Білім беру бағдарламалары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жобасы шеңберінде авторлар мен редакторлар үшін «Физика», «Математика», «Өнер», «Қазақстан тарихы», «Биология», «Химия», «Информаткиа» және «Дүниежүзі тарихы»  пәндері бойынша семинар өткізді.

Толығырақ...
Зияткерлік мектептердің Түрікменстанға іс-сапары

Зияткерлік мектептердің Түрікменстанға іс-сапары

Толығырақ...
«Cambridge және Қазақстан Республикасындағы тіл құзыретін (ағылшын тілі) үйретудегі және бағалаудағы үрдістер» тақырыбындағы халықаралық конференция

«Cambridge және Қазақстан Республикасындағы тіл құзыретін(ағылшын тілі) үйретудегі және бағалаудағы үрдістер» тақырыбындағы халықаралық конференция

Толығырақ...